Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 80 жыл толды.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбында 8 «А» сынып тәрбиешісі Жамуратова Баян Шуылбайқызы сынып оқушыларымен бірге мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараны ДТІЖО Нұрмағанбетов Нурлыбек Ахметжанұлы бастап, ашып берді. Сонымен қатар кеш қонақтары: Аудандық ардагерлер алқасының мүшесі Жұмабаев Мұғалбек Жұмабайұлы сөз тізгінін алып, ақ жарма тілектерін, ашық аспан, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз майданда қаза болған, ерлікпен отбасына оралған ұлы қаһармандарымыздың арқасында екенін айтып өтті.
Жеңіс күні - абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді.
Біздің азаматтық парызымыз - бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.
Мерекелік іс шара жоғары деңгейде өтті. Мереке құтты болсын, отандастар!
Ел іргесі бүтін, егемендігіміз мәңгілік болғай!