Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы,
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары.
Татулық пенен бірлікке берік адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты:ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде ДТІЖО Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанұлының ұйымдастыруымен Туленова Айнұр Әлзаққызы 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «ТАТУЛЫҚ – ел тұтастығының тірегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Кеш қонақтары : ата-аналар, Дарын мектебінің ұлағатты ұстаздары мен оқушылары.
Кеш шымылдығы әсем күймен ашылып, тал шыбықтай бұратыла билеген қыздар, әсем ән мен тәтті күй, жүрек жарды тілектер, жыр лебіздерін арнап, келген қонақтарға әдемі көңіл күй сыйлады.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Мерекелік іс шара жоғары деңгейде өтті. Бірлік пен ынтымақты дәріптеген шәкірттеріміздің өнері өрге жүзсін! Мереке құтты болсын, отандастар!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/323-tatuly-el-t-tasty-yny-tiregi.html#sigFreeIdc472fdee68