ҚР ТЖМ Түркістан облысы ТЖД Жетісай ауданындағы ТЖБ-нің №3 МӨСБ жеке құрамымен 2025 жылға арналған «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нің ғимаратында өрт тактикалық сабағы өкізілді.
Шараның мақсаты – адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен мектеп қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру болып табылады. Жалпы өрт-тактикалық сабаққа бір өрт сөндіру автокөлігі, бір жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды. Сабақ барысында мектеп пен аудандық өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Адамдарды құтқару – сауапты іс. 
Әрдайым жұрттан алғыс алу – Біздің қазақстандық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздерінің күш-жігерлерін, тіпті өмірлерін аямай, күн сайын адамдардың игілігі үшін еңбек етуде. Кейде біз олардың күн сайын бетпе-бет келетін қиындықтарын, жан алысып, жан берісетін сәттерін, сол минуттардағы ерліктерін, ержүректіктерін еске алып, құрмет көрсетуге тиіспіз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!