Наурызым Ұлы Күн, Ұлысым,
Көктемнің қызғалдақ гүлісің.
Халқымның түлеткен дәстүрін,
Тірліктің кеңейткен тынысын.
Барша жұрт асыға күтетін, мол ырзық пен ынтымақтың, жақсылық пен молшылықтың мерекесі – әз-Наурыз.
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде Ұлыстың ұлы күні жоғары деңгейде аталып өтті.
Мекеме басшысы білікті ұстаз, мықты көшбасшы бола білген Алиев Көбейбек Амирбекұлы ақ жарма ақ тілегін айтып, мерекелік іс-шараны ашып берді.
Жиылған көпшілікті құттықтай отырып, Көбейбек Әмірбекұлы Наурыз мерекесінің шығу тарихын, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы туралы шәкірттермен ой бөлісті.
Мереке аясында қазақтың ұлттық ойындары қазақ күресінен, гір тасын көтеру спортынан жарыстар өтіп, Наурыздың сәнін келтірді.
Орталық алаңда мектеп өнерпаздары ұлттық нақышта ән айтып, күй тартты, би билеп, концерттік бағдарлама қойылды.
Мерекелік шараны үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырған тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар Н.Нұрмағанбетовке, 10 - сынып тәрбиешісі С. Абуоваға, жетекшісі Махаш Мейрамбек ағайға және ынтымақшыл ұжымымызға алғыс білдіреміз.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тек қана жақсылықтар болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/316-lysty-ly-k-ni-nauryz-mejramy-tty-bolsyn.html#sigFreeId19d6957d32






