Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды.
Бауыржан Момышұлы «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» деген екен.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде Ұлттық құндылқтарды дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Білім беру мекемелерінде оқушылар мен ұстаздар қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық мұраны дәріптеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мәдени мұрасы. Ол ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың өмір салтымен, дәстүрімен және дүниетанымымен тығыз байланысып келеді. 7-9 сыныптар арасында «Асық ойындары» сайысы өткізілді.
Құндылықтарды, әдет-ғұрпымызды дәріптейтін іс-шаралар өз жалғасын табады.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/315-ltty-ndyly-tar-lt-bolmysy.html#sigFreeId35565f8a75