Жаңару күні. Өткенді қайта қарап, болашаққа жоспар құру кезеңі. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Мерекеге орай, «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде мерекелік іс-шаралар жоспарланған.

“Бірге таза Қазақстан!” жобасы аясында мектеп ұжымы сенбілікке шықты.
Біздің мақсат – жұртшылықты өзіміз тұратын ортаға, табиғатқа, мекеме тазалығына деген көңіл аударту. Сол үшін де бүгінгі сенбіліктің тәрбиелік мәні зор. «Тазалық табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.Жыл басы Наурызбен бірге жаңарып жатқан Табиғат-Ананы аялайық, өйткені Табиғат-ортақ үйіміз.
Алдағы уақытта да іс-шаралар өз жалғасын табады.