Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз - жаңару мейрамы. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды.
Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінің ұлағатты ұстаздары қауымы, «Жасың құтты болсын!», Ақ ниетпен, адал қол берісіп, ақ жарма тілектерін арнап құттықтады.
Көктемнің хабаршысындай болған «Көрісу күнімен» баршаларыңызды құттықтап, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт өмір тілейміз! Келген жыл бақыт пен берекеге толы болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/313-14-nauryz-k-risu-k-ni.html#sigFreeIdf7df0dfa83