Иман — жанның сапасы. (Дулат Бабатайұлы)
Имандылық – адамзат қоғамының іргетасы, адамгершілік пен ізгіліктің сарқылмас бастауы. Бұл ұғым- адамның ішкі жан дүниесін байытып, оны жақсылыққа, ізгілікке, әділеттілікке ұмтылдыратын рухани құндылық. Имандылық – адамның бойындағы сенімнің, тазалықтың, мейірімділіктің көрінісі. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек Ахметжанұлының ұйымдастыруымен «ИМАНДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ ТІРЕГІ» тақырыбында өкіл имам Тухтаев Умиджан мырзамен кездесу болып өтті. Имамның уағыз-насихатын тыңдап,оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Имандылық туралы өрбіген әңгіме барысында өкіл имам оқушыларға мұсылман адамның бойындағы әдептер, ата-ананы сыйлау, Отанды сүю секілді жақсы мінез-құлыққа ие болу жайында айтты.
Сонымен қатар, имам жасөспірімдерге қиын сәттерде, дағдарыс жағдайында сабыр сақтап, жат әрекеттерге бармау, иманды, кішіпейіл болу керектігін айтты.
Ұрпағыңыз салиқалы, қызыңыз инабатты, ұлыңыз ибалы болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/310-imandyly-adamgershilik-pen-izgilikti-tiregi.html#sigFreeId10558a2afc
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі 2025 | |
| 2 | Иманмен кездесу |






