Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты КММ-де 2024-2025 оқу жылына арналған кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың «ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕС» жұмыстары бойынша Жетісай АПБ ЖПҚ КТЖ аға УПИ-ы полиция каптитаны Турмаханбетов Қылышбек Қалдыбайұлы, ДТІЖО Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанұлы, педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы, әлеуметтік педагог Байбосынова Ләззат Абдиманапқызымен кездесу өткізді.

Жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындату қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған. Кезінде ата-бабаларымыз жас өренді туған елін, қасиетті жерін, оның баға жетпес құндылықтарын сүюге тәрбиелеуді басты ұстаным еткен. Осы рухани ұстаным бізді бүгінгі күнге жеткізді. Нақтылай айтқанда, тәуелсіз Қазақ елінің туын жықпай, алға бастайтын ұрпақтың негізін қалап кетті.
Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Оқушылардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануын тілге тиек етіп, құқық айлығының барысында атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды.Сондай-ақ "Құқық бұзушылықтың алдын алу","Қылмыс","Ұрлық түбі қорлық "тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өзара пікір алмасып,сұрақтарға жауаптар алынды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – «Алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ» екенін ұмытпайық.
Адам өмірінің сапалы болуы немесе баянсыз қорлықпен өтуі өзімізге тікелей байланысты екенін сезініп, заңдылықты сақтайық.
«Жасында көргені жоқтың өскенде айтары да жоқ» деген Ғабиден Мұстафин атамыз.
Сіздің балаңыз еліміздің болашағы, салиқалы, жанашыр ертеңі екенін ұмытпаңыз.

Атауы Жүктеу
1  ИДН 20.02.25