Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Қаншама отбасына қасірет әкелген Ауғанстан соғысы міне солай аяқталған болатын. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды. Осы күндерді еске алу және патриоттық тәрбие беру мақсатында 2025жылдың ақпан айының 13-і күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты“ КММ-де «Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра» тақырыбында Сүйеуова Айсұлу Нышанбайқызы 7 «Б» сынып оқушыларымен бірге ашық тәрбие сағатын өткізді. Аталған іс-шараға Жетісай ауданының Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Алтынбеков Ниятіллә Мұхтарұлы, Жетісай қаласы әкелер мектебінің төрағасы Асылбек Талдыбай мен Жетісай қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабаев Мұғалбек мырзалар қатысты.
Іс-шара қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ауған соғысының себептері, оның салдары және қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы мағлұматтар берілді. Ауған ардагерлері өздерінің бастан өткерген қиындықтары мен әскери өмірі туралы әсерлі әңгімелерін айтты. Оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, олардың жауаптарынан нағыз батырлық пен отансүйгіштіктің маңызын ұғынды. Сонымен қатар,оқушылар ерлік туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Біз әрдайым ардагерлерді құрметтеп, олардың ерлігін ұмытпауымыз керек. Кеш соңында ардагерлер оқушыларға патриоттық сезім мен отансүйгіштік қасиеттердің әрбір адам үшін маңыздылығын атап, бойларына ерлік рухын дарытуға қатысты ақыл-кеңестерімен бөлісті.

 

Атауы Жүктеу
1  Ауған ардагер кездесу сценарийі