Ғылым – білім жан – жақты дамып, оқу – білім алуға бар мүмкіндік берілген жаһандану заманында жастардың мамандық игеруі – басты талапқа айналып отыр. “Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр - мықты мамандар ғасыры.
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан -жақты шебері екендігін дәлелдеу, сонымен қатар оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш - жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сі «ЖАС МАМАНДАР – ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ» тақырыбында жас мамандар апталығын өткізуде. Апталық барысында Дарын мектебінің төрт жас маманы өз бағын сынауда. Апталық үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» ашық сабақ өту;
Екінші кезең “Жүйрік болсаң озып көр» оқушылар арасында сайыс сабақ өту;
Үшінші кезең «Өнерліге өріс кең» сайыс;
Сонымен қатар апталық барысында көрме ұйымдасытырып, үзіліс арасында оқушылармен «Көңілді үзіліс» ойындар, ұстаздар арасында сұрақ-жауаптар жүргізіліп , жоғары деңгейде өтілуде.
“Сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде мол табыстарға жете беріңіздер!” деген тілекпен жас мамандарға сәттілік тілейміз!