Мен жаспын – ертеңімін елімнің,
Батырмын мен – қорғаушысы сенімнің!
Үкілеген үмітпін мен, отпын мен,
Ақтаушысы, сақтаушысы сенімнің!
Бүгін мектебімізде жас мамандар сайысы болып өтті.
Сайыста еңбек жолдарын ұстаздық етуден бастаған жас мұғалімдер өз өнерлерін ортаға салды. Таныстыру, панорамалық сабақ көрсету, ситуациялық сұрақтарға жауап беру, тағы басқа сайыстарға түсіп, сүрінбей өтіп белсенділік танытып, бір апта бойы өтілген апталықтың “ЖАРҚЫН ЕЛДІҢ ШАМШЫРАҒЫ - ЖАС МАМАН» тақырыбында апталықтың қорытынды кезеңіде өз мәресіне жетті.
І орын -Жұмаш Оразкүл Абдусаматқызы ;
ІІ орын -Жұмабай Камила Оразбайқызы;
ІІІ орын -Молдасаков Бақдәулет Амирханұлы;
Әбілқасым Ақназар Зәкірұлі «Көрермен көзайымы» номинациясына еге болды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдірген Мағжан Жұмабаевтың сенімін сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымызға тек қана сәттілік, еңбектеріне табыс тілеп, жас ұрпақ үшін талмайтын қанаттың қағылатына ұжым болып сенім арттық.
Жүлделеріңіз құтты болсын, ұстаздық жолда биікке самғаңыздар!