«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.04.2024 күні өткізілген «Ұлдар» жиналысының
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 22.01.2025ж. сағ:17 00
Өтілген орны: Мектептің мәжіліс залы. (спорт кешені)
Қатысқандар: 7-8- 9-10-11 сынып ұлдары.
- Қамқоршылық кеңес төрағасы Жумабаев Муғалбек Жунусұлы
- «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты» КММ-сі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулеков Жанибек Кошанович
- «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты» КММ-сі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанович
- Мектеп инспектрі Ергали Байменов
- «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сі дәрігері Шериева Гульзат Турдыбаевна
- Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы
- Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна
- Сынып жетекшілер: Махаш М., Алиманов О., Тешебаев К.
- Хатшы, ұйымдастырушы педагог
Күн тәртібінде:
№ |
Жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарының мазмұны |
Сыныбы |
Мерзімі |
1 |
1. Баяндама: Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» аясында «Менің құқықтарым» «Сегіз қырлы бір сырлы жігіт» қандай болу керек? 2. 2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсандық Сынып төрағаларының оқу үлгерімі мен тәртібі туралы есебін тыңдау 3.Мектеп инспекторымен кеңесу 4.Педиатор кеңесі, ұлдардың жеке бас гигенасы 5. Психолог кеңесі «Денсаулықты күту, басты міндет» 6. Әртүрлі мәселелер
|
7-11 |
22.01.2025 |
Тыңдалды:
2022-2023 оқу жылына жоспарланған «Ұлдар» жиналысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Нурмаганбетов сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырып өтті.
1-мәселе бойынша «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» аясында «Менің құқықтарым» «Сегіз қырлы бір сырлы жігіт» қандай болу керек?
тақырыбында баяндама оқылды.
Тарих беттерін қарасақ қаншама текті азаматтардың болғанын көреміз, бір-бірінен асқан шешен, дана қаншама батыр тұлғалы бабаларымыз өткен. Олардың бойынан тектілік, ер азаматқа тән қасиеттерді көруге болады. Демек халық арасында текті әулиеттен шыққан, текті азаматтың баласы деп бекерден айтпағаны түсінікті жағдай деп білуге болатынына тоқталып кетті.
Қазақ халқы әрқашан ұл баласына ер азаматқа тән қасиеттер арқылы тәрбиелеп келген. Қазақ ұл баласына әрқашан еркек мінезді яғни ер жүрек, батыл, мал табар өнерлі болуға баулыды, «еркек мінезді әйелден без, әйел мінезді еркектен без» - деген халық даналығы да осындай бір асқар ойдан туындаса керек. Ежелден адам баласының жаратылыс мақсатына сай Алла Тағала еркек пен әйелдің орнын, жаратылыстық қабілетін және міндеттеріне сай мінездерін де бөліп жаратқан. Қыз балаға өмірге нәзік баланы әкеліп аса сабырлықпен оны аялап, бағып, қатарға қосу үшін сабырлық, байыптылық нәзіктік, сезімталдық т.б. ерекшеліктер керек. Ал еркектерге керсінше таппаған күрделі мәселелер үшін тез арада ақылмен шешім қабылдау т.б. жағдайлар үшін еркекке әрдайым ақыл-айла, күш-қайрат, батылдық пен табандылық, қарапайымдылық пен қажырлық, сондай-ақ, мейімділік пен қаталдық та қатар керек болады. Сонымен қатар қазақ жігіттеріне өзгеше тән қасиет ол – намысқойлық болды. Елі мен жерін, отаны мен отбасын жат табанына таптатпас үшін кез-келген уақытта иығына қару алып қасқайып қасықтай қаны мен шыбындай жанын елі үшін, жері үшін құрбан етуге дайын болды.
Ұл бала үшін еңбектен кейінгі ең маңызды тәрбие қайнары ол – жеті атасын білу, тектілік, әрі намысқойлық болды. «Жеті атасын білген ұл – жеті рудың қамын жер, өзін ғана білген ұл – намысын сатып, арын жер» деп жеті атасын білу кез-келген азаматқа міндет әрі тектілік белгісі болып саналды. Қазақ жеті атасын білмеген азаматқа тәрбиесіз, тексіз, білімсіз деп ондай жігіттерге билік пен ел тізгінін ұстауға сенімсіздік танытқан. Себебі тегін білмеген текті әңгіме айтпайды деп санайды.
Тектілікке қатысты келесі бір қасиет шешендік, яғни өткір сөз иесі, ойын, идеясын халыққа жеткізе білетін тілмарлық. Ұлттық болмыс деңгейіндегі тектілік қасиеттің бір белгісі сөзге шешен, ойға терең болуда жатыр. Бұл қасиет жоғарыда аталған білім мен түсініктен, қабілет пен тәрбиеден шығады. Сөзді қадірлейтін халық бәрінде қадірлейді және осы қасиетімен қоғамдық өмірде барлық құндылықтарды біріктіре алады. Сөздің асылы даналық болса, сол даналықты иелену, даналықтың адам бойына ұялауы немесе даналықты адамның, елдің өзіне бағындыруы тектілікпен келеді. Абай айтқан алты бақан алауыз қоғамда даналық халықтың өміріне жақындамайды, тарихтың шеңберінде ғана өмір сүріп жатады. Сондықтан да қазақ сөзді қадірлеген, сөздің қадірленуі тиіс дүние екендігін ұрпаққа үйретумен келгенін атап кетті.
2-мәселе бойынша 2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсандық Сынып төрағаларының оқу үлгерімі мен тәртібі туралы есебін тыңдау «Ұлдар» кеңесінің жұмысына шолу жасалды. Жалпы мектеп-интернатта – 136 ұл бала бар. Сынып төрағалары мен сынып топ басшылары өткен оқу жылында жеткен жетістіктеріне, сыныптың үздік оқушылар санына, сынып тынысының жұмыстарымен таныстырып өтті.
3-мәселе бойынша Оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың болмауын алдын алу мәселесі бойынша Қамқоршылық кеңес төрағасы Жумабаев Муғалбек Жунусұлы сөз алды. Өз сөздерінде Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңын таныстырды. Зорлық - зомбылық жасау қандай құқықтарды бұзатыны жөнінде айтып өтті. Тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықтар жайлы, оның алдын алу барлығы да заң шеңберінде жүзеге асатындығын айтып және зорлық-зомбылықтың 4 бағытын атап өтіп, сондай құқық бұзушылыққа барған жағдайда барлығы да заң алдында жауап беретіндігін, тілге тиек етіп өтті.
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалардың, келеңсіз жағдайлардың болмауын атап айтып кетті. «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен бопсалау» және «Тағдырың өз қолыңда» деген тақырыптар айтылды, оқушылар зорлық-зомбылық туралы баспасөз беттерінен оқығандары және теледидардан көргендері бойынша өздерінің ойларын айтты. Оқушылар заң туралы өте дұрыс пікірлер айтып, өз ойын ортаға салып, белсенділік танытты.
4-мәселе бойынша Педиатор кеңесі, ұлдардың жеке бас гигенасы мен психолог кеңесі «Денсаулықты күту, басты міндет» деп сөз бастады. Өз ақыл кеңестерін берді.
Қорытынды сөзге ДТЖЖО Н.А. Нурмаганбетовқа сөз берілді, оқушыларға қазіргі заманда біліміне көп мән беру керек жөнінде айтты. Адам бойындағы имандылықтың ең басты көрінісі мейрімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылатындығы. Сондықтан да бір бірлеріңе мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарауды айтып.
Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:
- Зорлық- зомбылық және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, оқыс оқиғалар жайлы мектеп әкімшілігін және тиісті орындарды хабардар ету қажет.
- Ұлдардан мектеп-интернатымызда үздіктер саны мен олимпиадалар және түрлі сайыстардан жеңімпаздар көп болу керек.
Жиналыс төрағасы, ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов
Ұйымдастырушы педагог, хатшы:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/304-0-04-2024-k-ni-tkizilgen-ldar-zhinalysyny-khattamasy.html#sigFreeId19f15b4bfc