Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. "Толарсақтан саз кешкен" батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сі 8 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиеші Шайдулина Ғалия Қалижанқызы «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Мектеп директоры Алиев Көбей Амирбекұлы ізгі ақ тілегін арнап, кеш шымылдығын ашып берді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шарада ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала билеген бишілер, «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік!» деп, жырлаған рухты ақындар, сахналық қойылымдар көрермендерді тәнтті етті.
Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/303-t-uelsizdik-elimni-erkin-zholy.html#sigFreeId5333b9e889