Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген «1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні» тақырыбындағы жиынның хаттамасы № ______

Жетісай қаласы
Өтілген мерзімі: 20.11.2024 ж. сағ. 16:00
Өтілген орны: Мәжіліс залы
Қатысқандар: 8-10 сынып оқушылары.

Қатысушылар:

  1. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов
  2. Түркістан облыстық ҚДБ-нің "Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы" МКҚК Жетісай қаласы бөлімшесінің эпидемиологы Жаксылыков Изихан Тулешевич
  3. «Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педиатр дәрігері Тажен Гулназ Абдірқызы
  4. Мейірбике Шериева Гулзат Турдыбаевна
  5. Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдиманаповна
  6. Педагог-психолог: Рахимова Бибігүл Сапаровна

Күн тәртібінде:

  1. АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы), ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) туралы жалпы түсінік;
  2. Анти-ретровирусты терапияның мақсаты;
  3. АИТВ-нің әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы туралы;
  4. АИТВ-ның алдын алу жолдары. Салауатты өмір салтын дұрыс ұстану;
  5. АИТВ инфекциясымен өмір сүріп жатқан адамдарды әлеуметтік қорғау;
  6. Стигма, дискриминация туралы түсінік.

Тыңдалды:
«1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні» тақырыбында мектепшілік мамандармен кездесу жиыны өткізілді. Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды.

Бүгінгі қаралатын мәселе бойынша Жетісай қаласы бөлімшесінің эпидемиологы Жаксылыков Изихан Тулешевич АИТВ (ВИЧ) адамның иммундық тапшылығының вирусы екенін түсіндірді. Бұл вирус адам ағзасын қорғайтын иммундық жүйесін әлсіретіп, түрлі жұқпалардан қорғай алмайтын етеді. ЖИТС (СПИД) жүре пайда болатын иммунитет тапшылығының синдромы болып табылады. АИТВ-мен зақымданған адамдар түрлі жұқпаларға қарсы әлсіз болады, мысалы, туберкулез, өкпе қабынуы, т.б.

АИТВ мен өмір сүріп жатқан адамдарды әлеуметтік қорғау ҚР заңнамаларында қарастырылған. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI кодексінің 161-бабында АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды білім беру ұйымдарында оқытуға шектеу қойылмайтыны көрсетілген.

Изихан Тулешевич сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын ұстану керек екендігін атап өтті. Әсіресе, тіс емханаларына, қолды және қасты әрлеуге барғанда сақтық қажет екенін айтты.

Мейірбике Шериева Гулзат Турдыбаевна күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сақтық шараларын жүргізу керектігін және оқушылар қойған барлық сұрақтарға толық жауап бергенін айтты.

Мектеп-интернат оқушыларына АИТВ мен ЖИТС тақырыбына бейне ролик көрсетілді. Оқушылар бұл туралы қызығушылықпен пікір алмасып, ЖИТС-тің қауіптілігі, оның таралу жолдары және бұл дерттің алдын алу бойынша мағлұмат алды. Сонымен қатар, «ЖИТС және өмір» тақырыбында өлеңдер оқылып, әндер айтылып, пікірлер алмасылды.

Әлеуметтік педагог Л.А. Байбосынова оқушыларға қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретінін, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын айтып, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін атап өтті. Ол денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты екенін, денсаулықты сақтау жолы зиянды әдеттерден аулақ болу екенін айтты.

ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов сөзінде «Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Табиғат сыйлаған денсаулықты бағалаңыздар» деп, оқушыларға ақыл-кеңес берді.

Қаулы:
Сынып тәрбиешілері, мұғалімдер, дәрігерлермен бірге жас ұрпақтың әртүрлі аурулардың алдын алу, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша насихаттау, кеңес беру және ережелерді үздіксіз жүргізу қажет.

ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
Мейірбике: Г.Шериева

Атауы Жүктеу
1 АИТВ СПИД
2 АИТВ
3 Мектеп