30 қазан күні Түркістан қаласындағы «Ақжайық» саз мектебінде Түркістан облысы Білім басқармасының «ОБЛЫСТЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс ұстаздары арасында «ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ - 2024» байқауы өтті.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нің ағылшын пәні мұғалімі Атем Гүлназ Есболатқызы қатысып, үздік шығармашылығымен және жоғары деңгейдегі сахна шеберлігімен І орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау. Әріптесіміз Гүлназ апайға бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келетін шәкірттеріңіз көп болсын! Еңбегіңіз жана берсін, жеңіс тұғырынан табыла беріңіз деп, ақжарма ақ тілекті арнаймыз!
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Әтем Гүлназ 1 орын | ![]() |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/299-nerli-staz-2024.html#sigFreeId50d33aa1b2