«Таза Қазақстан», «Таза өлке» Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, Табиғат Ананы қорғау мақсатындағы іс-шаралар өз жалғасын таба бермек. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нің барша қызметкерлері сенбілікке шықты.

Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар тазалануда. «Тазалық- табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.Тазалықты жанына серік еткен ұжым қыметкерлері бүгінде себілікте ерекше белсенділік танытуда. Туған жердің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын, өз мекенін таза ұстап, қадірлеуі тиіс.