Түркістан облысы білім баскармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес «Daryn Teacher» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге халықаралық оқыту курсының екінші кезеңі
2024 жылдың 27 қазаны мен 01 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Педагогтердің көшбасшылық қабілетін дамыту» тақырыбында өтілді. Курстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша “ Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп- интернатынан 6 педагог қатысып, біліктілігін арттырды.
Бүгін ортамыз қуанышты хабармен толықты. Мектебіміздің маңдайалды педагогтерінің бірі , республикалық “Үздік педагог” конкурсының жеңімпазы, тарих ғылымдарының магистрі әріптесіміз Молдадосова Алтынай Қайыпқызы халықаралық оқыту курсының Сингапур Малайзияда өтілетін 3- кезеңіне қатысу мүмкіндігін жеңіп алды! Құтты болсын!
А. Молдадосова - уақыт талабына сай оқыту әдістерін жетік меңгерген өз ісінің нағыз маманы, көшбасшы педагог, мектебіміздің мақтанышы. Жарайсыз, Алтынай Қайыпқызы! Алар біліміңіз қайырлы болып, азат елімізге қосар үлесіңіз көп болғай! Сәт сапар, ақ жол!
Халықаралық оқыту курсын ұйымдастырған Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» мен «Daryn Teacher» басшылығына үлкен алғыс білдіреміз.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/296-altynaj-moldadosova-khaly-araly-o-ytu-kursyny-zhe-impazy.html#sigFreeId5efc3cdf7d