«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23.10.2024 күні өткізілген мектепішілік «25 - Қазан Республика күніне орай «Республика күні - Елдігіміздің бірлігі» тақырыбында өткізілген мерекелік іс - шара
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 23.10.2024ж.
Өтілген орны: мектеп - интернаты
Қатысқандар:
- Директор К. Алиев
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов
- Директордың бейін жұмыстары жөніндегі орынбасары М. Султанова
- Қамқоршылық кеңес төрағасы М.Жумабаев
- Аудандық ардагерлер ұйымы мүшесі Т. Асылбеков
- Әлеуметтік педагог Л. Байбосынова
- Педагог - психолог Б. Рахимова
- Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер А.Умирзакова мен М. Батырбекова
- Ұйымдастырушы педагог Кенжебай Ш.
Күн тәртібінде:
- «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» КММ - нің 25 - Қазан Республика күніне арналған іс - шарасы
- «25 - Қазан Республика күніне орай «Республика күні - Елдігіміздің бірлігі» тақырыбын талқылау.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» КММ - сінде «Республика күні - Ұлттық мереке» тақырыбында Республика күніне орай мерекелік іс - шара өткізілді. Бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бірінші кезекте - Мемлекеттігіміздің мерейлі мерекесі - Республика күніне арналған «Республика күні - Елдігіміздің бірлігі» атты мерекелік кешті ашып беру үшін мектебіміздің директоры Көбейбек Әмірбекұлына аса зор құрметпен берілді. Өз сөзінде Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Еліміз Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіз жылдар ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарық пен экономиканың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтетінін атап кетті.
Қазақтың кеудесі қуанышқа, мерекелік көңіл - күй орнайтын, шаттық сыйлайтын айтулы күнге арналған салтанатты кеш ел гимнімен басталды.
Мерекелік іс - шарада 10 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен ән айтылды, би, сахналық қойылымдар көрерменге жол тартты. Шәкірттеріміздің мерекеге арнап ортаға салған өнерлері көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.
Республика күні мерекесіне орай өтілген салтанатты жиында жалпы білім беретін пәндер бойынша өтілетін олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған жеңімпаз шәкірттер де арнайы марапатталып, үлкен білім бәйгесінде жеңіспен оралуға сенім білдірдік.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні мықты денсаулық, бақ - дәулет, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, қазақ елі!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! - деп өзінің ыстық лебіздерін білдіріп, бүкіл қазақ елін, ұжымдастарды және мектеп - интернат оқушыларын 25 - Қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтап кетті.
Мереке аясында өткен пәндерден ғылыми жобалар, пән олимпиадалары, түрлі сайыстар жеңімпаздарын үздік нәтиже көрсеткені үшін оқушыларымызды марапаттады.
Екінші кезекте сөз кезегін мектеп - интернат ДОБЖО М.Султановаға, Қамқоршылық кеңес төрағасы М. Жумабаевқа, информатика пәні мұғалімі С. Аширбековке аудандық ардагерлер ұйымы мүшесі Т. Асылбековке, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Пазыловаға берілді. Өз құттықтау сөздерінде 25 - Қазан Республика күнімен барша ұжымдастарды, оқушы, қонақтарды және іс - шараға қатысушыларды құттықтады. Мемлекетіміздің болашағы жастар, патриот болуға шақырды. Тарихтан белгілі тәуелсіздік үшін күрескен ата - бабаларымыздың мұрасы ақталып жатқанын айтып, қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайлардың бұрынғыларға қарағанда жақсарғанын айтты.
ДТЖЖО: Н.Нұрмағанбетов
Ұйымдастырушы педагог: Кенжебай Шолпан
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/290-respublika-k-nine-arnal-an-merekelik-is-shara.html#sigFreeId5fd82188d9