«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп -
интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
«Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді» тақырыбындағы жиынының
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 21.10.2024ж. сағ: 16 30
Өтілген орны: Мектептің мәжіліс залы.
Қатысқандар: 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып оқушылары.
- «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нурмаганбетов
- Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер - генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы
3. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медбикесі Шериева Гулзат Турдыбаевна
4. Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдиманаповна
- Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна
- Интернат меңгерушісі Адильбекова Айнур Сайфудиновна
Күн тәртібінде:
Жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің келеңсіз жағдайлардың алдын алу
Тыңдалды:
«Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді» тақырыбында, жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің келеңсіз жағдайлардың алдын алу мектепшілік пікір алмасу жиыны өткізілді. Пікір алмасу сағатын мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай әр адамның болашағы өз қолында екенін айтып, «Бүгінде бір ананы тәрбиелегеніміз - Бір ұлтты тәрбиелегеніміз» деп сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды. Бүгін қонаққа келген Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер - генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызын таныстырды.
Бүгінігі қаралатын мәселе бойынша Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер - генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, келеңсіз жағдайлардың болмауы жөнінде айтып, қыз бала гигиенасы жеке бас гигиенасының бірінші ережесі тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Ерте жүктілік деп 13 - 19 жаста болатын жүктілікті айтады, осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гармондық қайта құрылу жүреді. Медецинада 18 жасқа дейн болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Қыз балалардың балиғат жасқа жетпи, 18 жасқа толмай жыныстық қатынасқа түсуге болмайтынын, ерте жүктіліктің қауіпті және қатерлі жағдайлары жөнінде түсіндіріп өтті. Қыз баланың табиғатына тән, мәдениеттілігі, әдебі, өз абыройын сақтау керектігін айтты. Жекелеген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір жағдайлары бар. Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына, қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек. Кәмелеттік жасқа жетпеген қыздардың ар - ұятын сақтап жүру керектігі, жүкті болуы әртүрлі қауіптер туғызатынын. Біріншіден, жасөспірімнің организмі де, гармоналдық жүйелері де толық жетілмегендіктен нәрестенің дұрыс дамып - жетілуіне, тіпті түсік тастауына әсер ететінін. Екіншіден, әртүрлі жыныс жолдарымен тарайтын ауруларға шалдығуы мүмкін екенін және оның соңы бедеулікке апаратынын айтып өтті. "Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың түрлері және алдын - алу шаралары" тақырыбында әңгіме қозғап, алдын алу шараларын ұсынып, қыз балаларға пайдалы көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар акушер - генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызына сұрақтар қойып, оның барлығына да толық жауап қайтарылды. Мектеп психологы Рахимова Бибігүл апай «Әр адамның құдайы - өзінің ары» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. Бейне тақтада «Қызым саған айтам», «Ерте жүктілік» деген тақырыпта бейнеролик көрсетілді, оқушылар адам денсаулығы туралы баспасөз беттерінен оқығандарын және теледидардан көргендері бойынша өздерінің ойларын айтты. Оқушылар тазалық, адам денсаулығына қатысты өте дұрыс пікірлер айтып, өз ойын ортаға салып, белсенділік танытты.
Келесі кезекте Әлеуметтік педагогы Л.А.Байбосынова қорыта айтарымыз, қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым - қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз, деп бүгінгі жиыннан үлкен ой түйген деген үміттеміз - деп кездесуді қорытындылай отырып, оқушыларға жаман істерден сақ болуын айтты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай оқушыларға қазіргі заманда білімге көп мән беру керек жөнінде айтты. Отанымыздың келешегі, көркеюі, болашағымыз, еліміздің ертеңі жастар мен жасөспірімдер сендердің қолдарыңда, мектебімізде ойланбай жасалған әрекетке жол берілмеу керектігі жөнінде айтты. Бұдан шығатын қорытынды ойланбай жасалған әр әрекеті үшін кез келген адам Заң алдында жауапты екенін ұмытпауы керек.
Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:
- Ерте жүктіліктің алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
- Мектебімізде қандай да бір жат іс - әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін.
ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов
Медбике: Г.Шеримова
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
Педагог психолог: Б.Рахимова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/289-2024-2025-zh-genekolog-kezdesu-khattama.html#sigFreeIdaf6d3c9cba
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Генекологпен кездесу | ![]() |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/289-2024-2025-zh-genekolog-kezdesu-khattama.html#sigFreeId03bba3cf1d