«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп -
интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
«Құқықтық сауаттылық - заман талабы» тақырыбындағы жиынының
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 09.10.2024ж. сағ:16 00
Өтілген орны: АКТ залы.
Қатысқандар: 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып оқушылары.
- «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы
- Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ КТІЖ инспекторы полиция майоры Ерғали Байменов
- Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы
- Педагог - психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы
- Интернат меңгерушісі Адильбекова Айнұр Сайфудинқызы
- Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер
Күн тәртібінде:
- Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, айрозоль мен мопедтер, мотоциклдер мен скутерлерді айдаудың адам өмірі мен денсаулығына зияны;
- Интернат алаяқтық алдын алу;
- Булинг - кибербулинг; Лудомания;
- Маскүнемдік және есірткінің алдын алу;
- Зорлық - зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу;
- Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар;
Тыңдалды:
Бүгініг қаралатын мәселе бойынша мектеп - интернаттың ДТІЖО Нурмаганбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету - біздің басты парызымыз. «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» булинг, кибирбулинг, темекі шегудің, суицидттің алдын алу, ішімдіктің, нашақорлықтың зияны туралы» құқықбузушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп жатқанын айтты. Осы жиынға қатысып отырған Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ КТІЖ инспекторы полиция майоры Байменов Ерғали ағайға сөз берді.
Бүгінгі қаралатын мәселе полиция майоры Байменов Ерғали ағай Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар;
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, денсаулыққа зиянды айрозольдарды пайдаланбау керектігі жөнінде және мопедтер, мотоциклдер мен скутерлерді айдаудың адам өмірі мен денсаулығына зияны жайлы айтып өтті. Соңғы уақыттары мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер қатысуымен орын алған жол - көлік оқиғалары жиілеп, адам қазасына ұштасқан жағдайлар тіркелген. Жол апаттарының негізгі себептерінің бірі абайсызда жүру, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы (мотошлем), қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жолдың ортасында жүру, жылдамдықты асыру, белгіленген жасқа толмаған және жол қозғалысы ережелерін білмейтін адамдарды басқаруға жіберу, адам мінгестіру және тағы басқа жол ережесі талаптарын сақтамауы болып жатқаны жөнінже айтып, көлік айдауға болмайтынын түсіндіріп өтті.
Келесі қаралатын мәселе бойынша полиция майоры Байменов Ерғали ағай интернет - алаяқтар арам ойын іске асыру үшін мына әдіс - тәсілдерді кеңінен қолданады:
Олар өздерін «банк қызметкері» немесе «құқық қорғау органдарының өкілі» ретінде таныстырады. Жалған нөмірлермен қоңырау шалып, сіздің есепшотыңыздағы ақшаларды шұғыл басқа шотқа аудартуға немесе атыңыздан несие рәсімдеуге тырысады. Қазіргі таңда кең тараған интернет - алаяқтық хабарландыру сайттары арқылы жүзеге асырып отырғандарын айтып, бейтаныс телефон нөмірлермен хабарласқан адамдармен сөйлесуге болмайтынын ескертіп айтты.
Үшінші қаралатын мәселе полиция майоры Байменов Ерғали ағай Буллинг деген не? Кибербуллинг деген не? сұрақтарын қоя отырып түсінік жұмыстары жүргізілді. Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) - басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез - құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі - бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады. Лудомания дегеніміз не? Ойынға тәуелділікті қалай тануға болады? Аталған дертке шалдыққан адам өз - өзін басқара алмайды. Ең бастысы бұл зиянды тәуелділіктен қалай аулақ болу керек, тәуелділіктің пайда болуы, оған бейімділік, формалар мен кезеңдер туралы айтып қана қоймай, мәселені шешу үшін пайдалы медиа көздерін ұсынды. Кездесуде елімізде лудоманияның алдын алу үшін не жасалып жатқаны, мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары қалай іске асырылып жатқаны туралы ақпарат айтылды.
Төртінші қаралатын мәселе полиция майоры Байменов Ерғали ағай Маскүнемдік және есірткінің алдын алу жұмыстары жөнінде түсіндіріп өтті.
Келесі қаралатын мәселе жөнінде ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы зорлық - зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі - бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Осыған байланысты Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнде компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі уақыттарда көшеде ата - анасыз жүруге тыйым салынғанын және елімізде кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың ісімен шұғылданатын арнайы орталық бар екенін оқушыларға түсіндірді. Сондай - ақ Ұрлық, қарақшылық, жолда жүру ережелерін дұрыс білуге, сақтауға кеңес берді.
Педагог - психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы оқушылар арасында кемшіліктердің, жат қылықтардын алдын алу, аулақ болу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» сауалнамасы алынды. Сонымен қатар Аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және психикасына зиян келтіруі, ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның өз - өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай екенін атап өтті.
Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. Жасөспірімдерге қатысты зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпараттар беріліп, жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, барлық оқушыларды білім мен тәрбиеге шақырды. Мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өмірдің қаншалықты қымбат екенін түсіндіріп, алға қойған мақсат мүдделеріне жетуге ықпал етіп, Еліміз аман, жұрытмыз тыныш болсын! - деп сөзін аяқтады.
Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:
- Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар, құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, лудомания, булинг - кибирбулинг, ерте жүктіліктің алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
- Зорлық - зомбылыққа душар болған жағдайда «Сенім телефоны» ,
«Сенім жәшігі», «111» ақпараттық қызметінің қызметін пайдалану
- Бөгде адамдармен қарым - қатынас жасауды басты назарда ұстау
- Мектебімізде қандай да бір жат іс - әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін.
ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
Педагог психолог: Б.Рахимова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/288-zhetisajda-y-ty-sauattyly-zhiyny-tti.html#sigFreeId544f8dbe4d