«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
2024-2025 оқу жылының «Ұстаздар» күніне орай мерекелік іс-шарасының
Хаттамасы №
Күн тәртібінде:
1.2024-2025 оқу жылының «Ұстаздар мерекесін» атап өткізу;
2.Ұйымдастыру жұмыстарын, жоспарын, сценарийді жасау.
Тыңдалды:
2024-2025 оқу жылының «Ұстаз мәртебесі-ұлт беделі» тақырыбында оқушылардың ұстаздарға деген салтанатты жиыны өтті.
- САЛТАНАТТЫ ЖИЫН
Ұстаздар мерекесі жаңа оқу жылының және оқушылар үшін және адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылатыны анық.
Салтанатты жиынымызға ата-аналар, өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан құрметті адамдар және оқытушылар шақырылды.
Салтанатты жиынымызды Жетісай қаласының ардагерлер төрағасы М. Жумабаев, Дарын мектеп-интернаты бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, информатика, математтика пәнінің мұғалімі С. Аширбеков пен «Үздік педагог, Ы.Алтынсарин медальінің иегері, шебер ұстаз» орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі А. Пазыловалар сөз сөйлеп құттықтаулар айтып, өз сөздерінде күз айының оның ішінде қазан айының алғашқы аптасы ұстаздар мерекесі екен атап кетіп, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, іс-шарамызды ашып берді.
Келесі сөзді ата-аналарға берілді. Ата-аналармыз ұстаздар мерекесі күнімен оқытушыларды, ата-аналарды, оқушыларды шын жүректен құттықтап, жеткен жетістіктерімен аудан, облыс және республикада жоғары биіктерден көруді айтты.
Салтанатты жиынға жетекші еткен 9 «А» сынып тәрбиешісі Ж. Әбдіхалыкова мен сынып жетекшісі Ізбасар Ақмаржан сәттілік тілеп, іс-шараны бастауға рұқсат берілді.
Іс-шарада: төмендегі сценарий бойынша жүргізілді.
1- жүрг: Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!.
2 жүргізуші:
Туған жерде нық тұрып,
Елдік мәнін ұқтырып
Бар ғұмырын сарп етсе,
Міне нағыз мықтылық
Қол соғайық ендеше
Ұстаздарға тік тұрып, деп жырлай отырып, ұстаздар күні мерекесіне арналып отырған «Ұстаз мәртебесі-ұлт беделі» атты концертімізді ашық деп жариялаймыз!
1жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы,
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - жүргізуші:
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтау үшін сөз кезегін мектеп басшысы Алиев Көбейбек ағайға ,Жанибек агайга беремыз.
1-жургызушы:
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
Ендеше ортада Бегалы Айгеримнің орындауында «Ел аман болсын» әні
2 жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді
1-жургызушы: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше,
қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
2 жүргізуші Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
-дей келе келесі кезекті оқушыларымыздың көрінісіне береміз тамашалаңыздар,
Көрініс: Мектептегі қызықтар
1 жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын. Олай болса, Ақерке қызымыздың өлеңіне кезек береміз
2 жүргізуші Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахна төрінде сыныбымыздың биші қыздарын қарса алыңыздар!
1жүргізуші: Сіздер қалай ойлайсыздар,құрметті қонақтар, менің ойымша,кез-келген мұғәлім ұстаз бола алмайды.Себебі ұстаздық өнер-тағылымы терең өнер.Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.Олай болса,шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Ендеше сахнада «Ұстаз бен шәкірт»атты әнімізді орындайтын Мықтыбек Олжас пен Ақмаржан апай.
2жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам - дей келе ендігі кезекті оқушыларымыздың дайындаған көрінісіне берсек,Қарсы алыңыздар комиссия келгенде.
1 жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Ән Дүйсенбек Елдардың орындауында
2- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар-дей келе Анамның иісі көрінісін қарсы алыңыздар!
1-жүрг Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! - деп кезекті әнге берсек Нұрдаулет пен Назымның орындауында ұстазым әні
1-жүргізуші Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін -дей келе оқушыаларымыздың сіздерге арнаған өлең шумақтарын қарсы алыңыздар
2 жүргізуші. Құлақтан кіріп бойды ала
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға Нұрсұлтан мен Айгерімнің орындауында Мектебім әнін қабыл алыңыздар
2 жүргізуші: : Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар-дей келе қызықты көрінісімізді тамашалаңыздар
( Жанарыс пен Азамат)
1 жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман дей келе Олжастың орындауында әсем әнді қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар,
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар.
Сіздердің алдарыңызда ұстазым әнімен вальс.
1-жүргізуші: Ал бұлбұл әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнада ән, орындайтын Даулет Қасымбек
2 жүргізуші: Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
Сіздерге арнап сахнада сыныбымыздың қыздары мың бұралып би билейді. Өзбек биі.
1 жүргізуші Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған- дей келе ортаға мектебім әнімен Жанарыс Айгерім Нұргелдіні шақырамыз
2 жургызушы
Устаз созын айтып журдык ан кылып
Одан баска кым бар журген жанды угып
Устаз деген улылардын улысы
Касиетыне бас иейык мангылык деп келесы корытынды созды Жанибек агайга,минара апайга,Нурлыбек агайга беремыз.
1 жүргізуші: Құрметті оқушылар,ұстаздар жәнеде қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз мәртебесі-Ұлт беделі» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
2 жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Қорытынды: ДБЖЖО М. Султанова қорытынды сөз сөйлеп, тағыда ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтап өтті. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс және шәкірттерінің жетістіктерінің көп болуын тіледі.
ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов
Ұйымдастырушы педагог, хатшы:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/287-2024-2025-o-u-zhylyny-stazdar-merekesin-atap-tkizu.html#sigFreeIdb54fb187ba