«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген

2024-2025 оқу жылының «Тілім менің ғасырларға аманат» тілдер мерекесін атап өту мерекелік іс-шарасының

Хаттамасы №

 

Күн тәртібінде:

1. 2024-2025 оқу жылының Тілдер мерекесін өткізу ұйымдастыру;

2. «Тіл достық кілті» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізу.

3. А.Байтұрсінұлының туған күні.

Тыңдалды:

Бірінші кезекте «Қоғамдық» пәндер бірлестігінің «ТІЛ - ДОСТЫҚ КІЛТІ» атты апталықтың ашылу салтанатының іс-шарасын ашып алу.

Директор К.Алиев сөз алды. Өз сөзінде тіл мәртебесін бірінші орынға қоюды, оны қастерлеуге шақырды.

"Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! - деп өз сөзін аяқтады.

"Жетісай ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" КММ-сінде «Тіл - достық кілті» тақырыбында қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен апталықтың жоспарлары бекітілді. Жоспарлар бойынша ашық сабақтар барлық сыныптарда өткізілді.

Маңызы зор іс-шараның ойдағыдай өтуіне қазақ, орыс, ағылшын тілі және тарих пәндерінің оқытушылары ат салысты.Тілдер апталығының алғашқы күнінде ұстаздар мен оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін және интеллектуалды ой-өрісті кеңейту мақсатында мектеп фойесінде қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Сауалнамалар алу» шарасы ұйымдастырылды. Осы іс-шараның төңірегінде оқушылар Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары және тілге қатысты сұрақтарына өз білімдерін көрсетті, әр дұрыс жауапқа тәтті сыйлықтар берілді. Бұдан басқа, көп ұлттың мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, тілдің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оның мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттардың пайдаланып жүрген ұлттық жәдігерлері көрсетіліп, ұлттық мұрасы насихатталды. Ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Апталық барысында түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар, сайыстар ұйымдастырылды.

Қорытындылай келе, сөз кезегін мектеп-интернат ДОЖЖО Ж. Тулековке, информатика пәні мұғалімі С. Аширбековке және математика пәні мұғалімі Х. Матбекова берілді. Өз құттықтау сөздерінде тілдер мерекесімен барша ұжымдастарды, оқушы, қонақтарды және іс-шараға қатысушыларды құттықтады. Мемлекетіміздің болашағы жастар, патриот болуға шақырды. Тарихтан белгілі тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыздың мұрасы ақталып жатқанын айтып, қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайлардың бұрынғыларға қарағанда жақсарғанын айтты.

ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов

Ұйымдастырушы педагог, хатшы: