Құтты болсын бұл Жеңіс,
Бейбіт күнде тербелген.
Тарих болып бұл күні,
Қазағыма дем берген.
Жеңіс. Бұл сөздің астарында қаншама тер, қанша жанның қаны бар. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 79 жыл толды. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Ұлы Жеңісті сыйлады.
Жеңіс күні – абыройымызбен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде «9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ» тақырыбында 10 «Ә» сынып тәрбиешісі Орынбасар Назерке Нұртайқызы сынып оқушыларымен бірге мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараны ДТІО Тулеков Жәнібек Қошанұлы бастап, ашып берді. Сонымен қатар кеш қонақтары: Аудандық ардагерлер алқасының мүшелері Асылбеков Т, Асанов Е, Жұмабаев Мұғалбек Жұмабайұлы сөз тізгінін алып, ақ жарма тілектерін, ашық аспан, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз майданда қаза болған, ерлікпен отбасына оралған ұлы қаһармандарымыздың арқасында екенін айтып өтті.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз-болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Отанымыз гүлденіп көркейе берсін, әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/251-9-mamyr-ly-zhe-is-merekesi.html#sigFreeIdc0d901875c