Мамырдың бірі, достық күні,

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі!

 

1 мамыр - ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130 - дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату - тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, “Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін” тақырыбында Батырбекова Меруерт Жұмабайқызы 9 «Б» сынып оқушыларымен бірге ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

Бұл мерекенің басты мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Кеш шымылдығын «Жетісай қаласының ардагерлер кеңесінің» төрағасы Жұмабаев Мұғалбек, ДТІО Нұрмағанбетов Нұрлыбек мырза ашып, кеш қонақтары өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Өнер көрсеткен дарынды, өнерлі оқушыларға өз алғыстарын айтты.

 

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

Тілегі бір, жүрегі бір халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.Сағат сайын қарыштап дамып келе жатқан - Тәуелсіз Қазақстан! Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық бойымызда дарыған, кең пейіл елміз. Ел бірлігі бекем болып, ашық аспан, бейбіт заманда, жақсылықтың еншісінде болайық , ағайын. Мереке құтты болсын!