Тақырып: Менің әкем жақсы адам
Ән: Ассалаумагалейкум
Орындайтындар: 10 Б сынып оқушылары Дос пен Қуаныш
Фан-фар
1-жүргізуші: –Армысыздар, аяулы ұстаздар, ардақты ата-әкелер!
2-жүргізуші: – Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Менің әкем жақсы адам» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда, Асқар тауым- биікке жетелеген.
2-жүргізуші:- «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол – сіз, менің сүйікті- әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін.
Ән: Көңіл күй
Орындайтын: 7 сынып оқушысы Қазына
1-жүргізуші: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Тауға теңеп тұр ғой бүгін ұлдарың,
Ұлы үшін бар жақсыға бел буған –деп қонақ болып келіп отырған аталар мен әкелерімізге бір қошеметтеп, қол соғып қояйықшы.
Би: 7 сынып оқушыларының орындауында «Қамшы биі»
1-жүргізуші: Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.- деп мектеп оқушыларымыздың өз әкелеріне деген өз шығармашылығына береміз
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
1-жүргізуші: -« Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық» деген.
2-жүргізуші: - «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Әкем мен үшін ғажап, керемет адам. Әке отбасында ақылшың. Әке тәрбиесін көрген адамның өмірге деген көзқарасы, сана сезімі жоғары дәрежеде дамиды деп ойлаймын. Әке тәрбиесін көрген бала ешқашанда жаман болмас- дегендей
Ән: 7 А сынып оқушысы Бейсенбай Нурисламның орындауындағы
«Әке – ана» әнін қабыл алыңыздар
2 -жүргізуші:
«Дүниеде не қымбат?»
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат – дей келе – Күй: 9 сынып оқушысы Ниязбеков Жандостың орындауында «» қабыл алыңыздар
2 -жүргізуші:
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын – деп 7 сынып оқушылары Гулсезім мен Аңсаған қыздарыңыздың «Әке» әнін қабыл алыңыздар.
Қошеметтеріңізге мың алғыс. Рахмет.
Қорытынды сөзді қонақтарға берейік, оқушыларымызға деген өз ақылдарын айтып, әкенің орнының бөлек екенін айтып кетсеңіздер.
Қош сау болыңыздар. Қонақтармен естелік суретке түсеміз.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/247-meni-kem-zha-sy-adam.html#sigFreeIda5e1a17077