Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 5 күндік оқу - дала жиыны өз мәресіне жетті. Жиынның соңғы күнінде әскери – спорттық шаралардың финалдық кезеңі өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Қыздар алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсету түрлерін үйреніп, өз білімдерін ортаға салып көрсете білді. ДТІО Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанұлы жігіттерімізді құттықтап, қатысушылардың оқу - дала жиынында алған дағдылары Отан алдында әскери борышын өтеу кезінде қажет болатындығын айтып, оқушылардың патриоттық рухын көтеру тұрғысында жалынды сөздер айтып, оқу - дала жиынын ұйымдастыруға еңбек сіңірген біршама оқытушылар мен қызметкерлерге алғысын білдірді.
Тәуелсіздік отын өшірмей сақтау жолында алда талай іс күтіп тұр. Бейбіт елеміздің әр күні жаңа жетістіктер мен жағымды жаңалықтарға толы болсын! Бүгінгі тәуелсіздіктің ақ таңы – кешегі бабалардың арманы. Елім, жерім дейтін бейбіт еліміздің ұландары көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/246-bejbit-eldi-lanymyz.html#sigFreeIdc3e5718570