Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу - ерге сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін!
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде 5 күндік оқу – дала жиыны өтуде.
Жыл сайын өтетін оқу – дала жиынына әдеттегідей 10–шы сынып оқушылары қатысады. Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, алғаш рет қару қолданып, сарбаз міндетін сезінбек.
Оқу – дала жиынының басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ҚР Қарулы күштерінің қатарын толықтыру мақсатында өтіп жатыр. Оқу – дала жиыны 5 күндік көлемде жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы өткізіліп жатыр. Түрлі әскери тактикалық сабақтарды өтіп, бейбітшіліктің құнын ажыратып, жоғары патриоттық рух қалыптастыруда.
Болашақта ұлттық мүддені ту етіп көтеріп, рухы мықты бабаларымыздың ұрпағы ретінде елі үшін, жер үшін жанын қиятын азамат болып өссе, ұлт қажетіне сай, сапалы деңгейге жетеміз.
Бес күндік оқу - дала жиыны жоғары деңгейде өтуде, жауапты жетекші АӘД маманы Жұмабаев Мұғалбек Жүнісұлы оқушылардың қызығушылығын оятып, жұмыс жүргізуде.
Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету – осындағы барлық азаматтың борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайды.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/245-otandy-s-yu-ly-mindet.html#sigFreeIde18ffbc0d6