Әйтеке би: «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі», деп халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған. Оны Отаншылдықтың айнасы деп айта аламыз. Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл - қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азаматтар даярлауда алғашқы әскери сабағының маңызы орасан зор.
«Үйді қорғау - есіктен, Отанды қорғау - бесіктен» демекші, ата - бабамыз тәрбиені тал бесіктен бастаған.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» КММ-сінде АӘД маманы Жұмабаев Мұғалбек Жүнісұлы бес күндік дала жиынының маңызын түсіндіріп, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оқушылардың қызығушылығын оятып, керемет жұмыс жүргізуде.
Отан алдында борыш – қасиетті ұғым, әрбір азаматтың міндеті. Әскерге барып, Отан қорғау ісіне машықтану, шыңдалу, Қазақстан қарулы күштерінің қатарын толықтыру – патриоттық іс.
«Еліміздің егемендігін сақтау – біздің әрқайсымыздың борышымыз» дейтін жастарымыз көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/244-el-or-au-abyrojly-is.html#sigFreeIdc1cc04c745