«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-

интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген

«Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалардың, лудомания, булинг-кибербулинг, интернет алаяқтықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, құқықбузушылықтың алдын алу» тақырыбындағы жиынының

Хаттамасы № 

Жетісай каласы

Өтілген мерзімі: 11.04.2024ж. сағ:16 00 

Өтілген орны: АКТ залы.

Қатысқандар: 7-8- 9-10-11 сынып оқушылары.

  1. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы
  2. Жетісай қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабаев Мұғалбек Жүнісұлы
  3. ҚҚВТ топ жетекшісі Шойгараева Адина
  4. Жетісай АПБ ЖПҚБ УПИ полиция подполковнигі Абдурахманов Бекмырза Халмирзаұлы
  5. ҚҚВТ топ мүшесі Сүлеймен Динара
  6. ҚҚВТ топ мүшесі Ақылбек Ақжібек
  7. ҚҚВТ топ мүшесі Дүйсенбек Диас
  8. Жетісай ауданында аудандық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері және "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі"секторының меңгерушісі және психологы Ерубай Ақерке
  9. Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы
  10. Педагог-психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы

Күн тәртібінде:

  1. Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар;
  2. Лудомания;
  3. Интернат алаяқтық алдын алу;
  4. Булинг-кибирбулинг;
  5. Маскүнемдік және есірткінің алдын алу;
  6. Зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу;
  7. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Тыңдалды:

Бүгініг қаралатын мәселе бойынша мектеп-интернаттың ДТІЖО Нурмаганбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, Бала тәрбиесі- басты байлығың, кешіксең, көретінің —қайғы-мұң (Абай) - деп айтып кеткендей, Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалардың, лудомания, булинг-кибербулинг, интернет алаяқтықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, маскүнемдік пен есірткінің, құқықбузушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп жатқанын айтты. Осы жиынға қатысып отырған Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведоствоаралық топ мүшелері таныстырып өтті. 

Бүгінгі қаралатын мәселе ҚҚВТ топ мүшесі Сүлеймен Динара Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар; Лудомания дегеніміз не? Ойынға тәуелділікті қалай тануға болады? Аталған дертке шалдыққан адам өз-өзін басқара алмайды. Ең бастысы бұл зиянды тәуелділіктен қалай аулақ болу керек. Динара апай тәуелділіктің пайда болуы, оған бейімділік, формалар мен кезеңдер туралы айтып қана қоймай, мәселені шешу үшін пайдалы медиа көздерін ұсынды. Кездесуде елімізде лудоманияның алдын алу үшін не жасалып жатқаны, мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары қалай іске асырылып жатқаны туралы ақпарат айтылды.

Келесі қаралатын мәселе бойынша ҚҚВТ топ мүшесі Ақылбек Ақжібек интернет-алаяқтар арам ойын іске асыру үшін мына әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады: Олар өздерін «банк қызметкері» немесе «құқық қорғау органдарының өкілі» ретінде таныстырады. Жалған нөмірлермен қоңырау шалып, сіздің есепшотыңыздағы ақшаларды шұғыл басқа шотқа аудартуға немесе атыңыздан несие рәсімдеуге тырысады. Қазіргі таңда кең тараған интернет-алаяқтық хабарландыру сайттары арқылы, яғни «ОLХ», «Krisha», «Кolesa» платформаларында жасалады. Онда, түрлі мүліктерді сатылымға шығарып, адамдарды тарту үшін арзан бағада сапалы тауарларды ұсынады т.б.

Төртінші қаралатын мәселе “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері және "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі"секторының меңгерушісі және психологы Ерубай Ақерке Буллинг деген не? Кибербуллинг деген не? сұрақтарын қоя отырып түсінік жұмыстары жүргізілді. Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады. 

Бесінші қаралатын мәселе ҚҚВТ топ мүшесі Дүйсенбек Диас Маскүнемдік және есірткінің алдын алу жұмыстару жөнінде түсіндіріп өтті.

Келесі қаралатын мәселе жөнінде Полиция подполковнигі Абдурахманов Бекмырза Халмирзаұлына сөз берілді, ол зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Осыған байланысты Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнде компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі уақыттарда көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын және елімізде кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың ісімен шұғылданатын арнайы орталық бар екенін оқушыларға түсіндірді. Сондай-ақ Ұрлық, қарақшылық, жолда жүру ережелерін дұрыс білуге, сақтауға кеңес берді.

Жетісай қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабаев Мұғалбек Жүнісұлы барлық оқушыларды білім мен тәрбиеге шақырып, өз батасын берді.

Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпараттар беріліп, жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай жүректеріңіз достыққа, мейірімділікке, нәзіктікке, сүйіспеншілікке, шынайылыққа, сабырға толы болсын. Міне, осындай жүрек әрқайсымызда болу керек, сонда бәріміз тату-тәтті өмір сүретін боламыз. Еліміз аман, жұрытмыз тыныш болсын! – деп сөзін аяқтады.

Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:

  1. Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, лудомания, булинг-кибирбулинг, ерте жүктіліктің алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
  2. Зорлық – зомбылыққа душар болған жағдайда «Сенім телефоны» , « Сенім жәшігі», ««111» ақпараттық қызметінің қызметін пайдалану
  3. Бөгде адамдармен қарым – қатынас жасауды басты назарда ұстау
  4. Мектебімізде қандай да бір жат іс-әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін.

ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов

Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова

Педагог психолог: Б.Рахимова