№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Хаттама сканер 10-12 04 2024 | ![]() |
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
2023-2024 оқу жылының Түркістан облысының білім басқармасы ұсынған 2024 жылдың 10 сәуір мен 11 мамыры аралығында «Таза Қазақстан. Түркістан-тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акциясын өткізудің жоспары
1-ші апта 10.04 – 14.04.2024ж. күндері аралығы «Таза өлке» күні тұрғындар, қоғам
белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау
жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар
Хаттамасы №
Күн тәртібінде:
- 2024 жылдың 10 сәуір мен 11 мамыры аралығында «Таза Қазақстан. Түркістан-тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акциясының мақсат міндеттерімен танысу
- Жоспар бойынша іс-шараларды жүргізу
- 1-ші аптаны қорытындылап мәлімет жинап, тиісті жерге жіберу.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша 2024 жылдың 10 сәуір мен 11 мамыры аралығында «Таза Қазақстан. Түркістан-тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акциясын өткізу жоспарын бекіту туралы оны өткізу талқыланды. Нәтижесінде іс-шаралар жоспар жасалып, 7-11 сынып жетекшілері мен тәрбиешілеріне және оқушыларға мақсат міндеттері таныстырылды.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу болды.
Акция шеңберінде облысымызды, ауданымыз бен қаламызды, ауыл-аймағымызды, мектебімізді, тұрғын үйімізді және тағы басқа да көптеген нысандарымызды нөсер мен жаңбырдан кейінгі жағдайлардан арық, кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерімізді, тротуарлар мен айналма жолдарымызды, саябақтар мен скверлерді, жасыл желектерді күту бойынша маусымдық жинап, тазалау, көгалдар мен гүлзардарды егу, отырғызу, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмыстары жүргізілуі қажет екендігін оқушыларға жеткіздік.
Акцияның әрбір аптасы арнайы тақырыптарға арналанғанын атап кеттік.
1-ші апта (10-14 сәуір) – “Таза өлке” күні тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізеді.
2-ші апта (15-20 сәуір) – “Киелі мекен” күні тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады.
3-ші апта (22-27 сәуір)– “Жасыл аймақ” күні. Бұл күні ағаш көшеттерін
отырғызу, айналаны әктеу, әрлеу жұмыстары жүргізіледі.
4-ші апта (4 мамыр) – “Өнегелі ұрпақ” күні ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болмақ.
5-ші апта (11 мамыр) – “Мөлдір бұлақ” күні өзен-көлдер маңын
қоқыстан тазалау ұйымдастырылатыны айтылды.
Екінші мәселе бойынша құрылған жоспар бойынша іс-шаралар жұмысы жүргізілді.
№ |
Тақырыбы |
Мерзімі
|
Жауаптылар |
1 |
«Таза Қазақстан. Түркістан-тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты акциясының мақсат міндеттерімен таныстыру |
10.04.2024 |
Директор К.Алиев ДОЖЖО Ж:Тулеков ДТЖЖО Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер |
2 |
«Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» – деп сынып аулаларына гүлдер, ағаштар егу |
11.04.2024 |
ДШЖО ДТЖЖО Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер |
3 |
«Тазалық – денсаулықтың кепілі» - деп жатақхана, сынып бөлмелеріне және аулаларға тазалық жұмыстары (әр бейсенбі тазалық күні болып бекітілген) |
11.04.2024 |
ДШЖО ДТЖЖО Интернат меңгерушісі А.Адильбекова Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер |
4 |
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағаттарын өту |
12.04.2024 |
ДТЖЖО Интернат меңгерушісі А.Адильбекова Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер |
5 |
«Көздің тазалығын кірпік сақтаса, Жүректің тазалығын ұят сақтайды» - деп ауыл, аудан, қала көше тұрғындарымен сенбіліктерге шығу |
13.04-14.04.2024 |
ДШЖО ДТЖЖО Интернат меңгерушісі А.Адильбекова Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер Ата-аналар |
Үшінші мәселе бойынша 1-ші аптаны қорытындылап мәлімет жинап, тиісті жерге жіберу жұмыстары облыстан бекітілген орталық мамандарына мәлімет беру. Қорытынды мәлімет беруші директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Н.Нурмаганбетов жүктелді.
ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов
Ұйымдастырушы педагог, хатшы:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/241-zhetisaj-audanyny-mamandandyryl-an-daryn-mektep-internaty-3.html#sigFreeId2ce1256c67