«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-

интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

7 сәуір Әлемдік денсаулық сақтау күніне орай  өткізілген

«Жасөпірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбындағы жиынының

Хаттамасы №

Жетісай каласы

Өтілген мерзімі: 02.04.2024ж. сағ:16 30

Өтілген орны: Мектептің мәжіліс залы.

Қатысқандар: 7-8- 9 сынып оқушылары.

  1. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов
  2. Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер-генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы

3.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  медбикесі Шериева Гулзат Турдыбаевна

4.Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы

  1. Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна

Күн тәртібінде:

  1.   Жасөпірімдер  арасындағы зорлық зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау; 
  2.   Бедеуліктің себептері мен алдын алу;
  3. Психикалық денсаулықты нығайту туралы кеңестер, стресстің алдын алу;

   4.Темекі мен есірткіден бас тартудың артықшылықтары

Тыңдалды:

«Жасөпірімдер  арасындағы зорлық зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында мектепшілік  пікір алмасу жиыны өткізілді. Оған Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер-генеколог  дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы шақырылды. Пікір алмасу сағатын  мектебіміздің ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды.

Бүгінігі қаралатын мәселе бойынша Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер-генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы  жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің, келеңсіз жағдайлардың  болмауы жөнінде айтып, қыз бала гигиенасы жеке бас гигиенасының бірінші ережесі  тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі.  Жекелеген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының  адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір жағдайлары бар.  Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына, қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керегін. Кәмелеттік жасқа жетпеген қыздардың ар-ұятын сақтап жүру керектігі, жүкті болуы әртүрлі қауіптер туғызатынын айтып өтті.

Сонымен қатар екінші қаралатын мәселе, бедеуліктің себептері мен алдын алу жолдарын жөнінде түсіндіріп, қыздарға  өз денсаулықтарын  күту керектігін, сонда ғана ұрпақтарыңыздың дені сау болатынын айтып өтті.

Үшінші қаралатын мәселе психикалық денсаулықты нығайту туралы кеңестер берді. Дұрыс тамақтанып, толыққанды демалу, спортпен айналысып, күлімдеп жүріп, достарымен араласып, уақытылы ұйықтау стресстің алдын алатынын айтты.

Төртінші қаралатын мәселе қыздардың зиянды заттардан аулақ болып, темекі мен есірткіден бас тартып, пайдаланбаудың артықшылықтарын түсіндіріп, қыз балаларға пайдалы көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар акушер-генеколог  дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызына сұрақтар қойып, оның барлығына да толық жауап қайтарылды. Мектеп психологы Рахимова Бибігүл «Қыз бала әдебі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. Бейне тақтада  бейнеролик көрсетілді, оқушылар адам денсаулығы туралы баспасөз беттерінен оқығандарын және теледидардан көргендері бойынша өздерінің ойларын айтты. Оқушылар тазалық, адам денсаулығына қатысты өте дұрыс пікірлер айтып, өз ойын ортаға салып, белсенділік танытты.

Келесі кезекте ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай оқушыларға қазіргі заманда білімге көп мән беру керек жөнінде айтты. Отанымыздың келешегі, көркеюі, болашағымыз, еліміздің ертеңі жастар мен жасөспірімдер сендердің қолдарыңда, мектебімізде ойланбай жасалған әрекетке жол берілмеу керектігі жөнінде айтты. Бұдан шығатын қорытынды ойланбай жасалған әр әрекеті үшін кез келген адам Заң алдында жауапты екенін ұмытпауы керек. Әлеуметтік педагогы Л.А.Байбосынова қорыта айтарымыз, қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген. Қазақтың қызы тек өз ұрпағының ғана емес, бүкіл бір ұлттың алдындағы жауап­кершілігін сезінсе дейміз, тәртіп пен талап бар жерде тәрбиемізде жақсы жолға түседі деп кәміл сенемін, бүгінгі жиыннан үлкен ой түйген деген үміттеміз-деп кездесуді қорытындылай отырып,  оқушыларға жаман істерден сақ болуын айтты.

Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:

  1. Ерте жүктіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
  2. Мектебімізде қандай да бір жат іс-әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін.

ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов

Медбике: Г.Шеримова

Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова                                           

Педагог психолог: Б.Рахимова