1.Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар! Бүгінгі 7_а сынып оқушыларының "Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай" атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
2.Ұрпақ қайтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар мектеп өкілдері, мектептің жүрегі аға ұстаздарымыз ортамызда отыр.
1.Ендеше,директорымыздың оқу іс-жөніндегі орынбасары Тулеков Жәнібек ағайымыз бен директорымыздың тәрбие іс-жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағайға сөз кезегін берейік.
2. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылықтарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында тереңіз қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы туып, 1889 жылы қайтыс болған. Қазақтың аса қорынекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
1.Көрермендерге.қазақтыңұлығалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі мен шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат берейік. Өмірбаян Айсұлтан және Нұрсұлтан.
2.Ыбырай кестеліс сұлу сөздің өзі, көркемәдебиеттің темір қазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Ыбырай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айталады. Ыбырай – аса өскеле көрнекті жазушы.
- Ұлы жазушының туған жері – табиғаты тамаша Қостанай жері. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Ыбырайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның өміріне ықпал етті. Енді өзіміз білетін Ыбырай атамыздың өлеңдерін кезек берелік.
1. Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышын сезіну, елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихті тұлғаны есте сақтауға, құрметтеуға шақырамыз. Ендеше білген үстіне білетүссін дейтін оқушыларымыздың өз шығармашылықтарынан сіздерге арнаған олеңдерін кезек берейік. Қарсы алыңыздар.
2.Сауатты болса екендеп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!-демекші Жетібай Кәусардың орындауында "Ер Тұран" күйі қабыл алыңыздар.
1.Ыбырай Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отыр ған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта – жігер беріп отырады.Омирханов Елнұрдың орындауында "Балқожа бидің баласына жазған хаты".
2.Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын»жазуға кірісті.Сол кітаптың ішінде "Атымтай Жомарт" атты керемет әңгімесі бар.Біздің оқушыларымыздан сіздерге арнаған көрінісі қабыл алыңыздар!
1.Ыбырай Алтынсарин – алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.Ыбырай ұстазымыз бен осы отырған ардақты ұстаздарымызға арналған "Ұстазым" әні.Орындайтын Мырза Нұрсұлтан.Қарсыалыңыздар.
2.Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауызәдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын – ал ендеше көрермендерге арнаған "тазабұлақ" көрінісі.Қабыл алыңыздар.
1.Біз, бүгінгі шара да ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елін де мектеп ашқан, алғашқы ұстазы. Алтынсариннің өмір баянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз.
2.Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың ешесінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әрісті ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата – анасын сыйлап құрмет тұтуға еңбекқор болуға шақырамыз.
1. Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.Келесі кезекте 7_а сыныбының сіздерге арнаған "Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырайата" хоры. Тамашалаңыздар!
2.Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай - атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. :Қош сау болыңыздар!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/231-ybyraj-stsenarij.html#sigFreeIdfe66fad5ce