Күні:---------
Мақсаты:Балалардың денсалық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Салаутты өмір салтын ұстануға баулу.Спортқа деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру,күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.
Көрнектілігі:слайд,газет,журналдар ,спорттың денсаулыққа маңызы жайлы деректер.
1.Тақырыпты түсіндіру
2.Слайд
3.Өлеңдер
4.Топтық жарыс (топтарға бөлу)
5.Кім жылдам?(мақал-мәтел)
6.Ойын жаттығу.Пайдалы-зиянды
7.Әңгімелесу (өз ойын айтту,сұрақтарға жауап беру)
8.Әр топ өздері салған суреттерін қорғап шығады
9.<<Спорт >> биі
10.Қорытынды
Адамның денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қалдыру керек.Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып,еңбекке әрқашан қүлшына кіріседі.Халқымыз <<Дені саудың-жаны сау>> деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі,көркеюі,балалар,сіздердің қолдарыңызда.Сондықтан сендердің таңдауларын-өмір салтын сақтау.
Балалар,сендер қараңғы үйге келіп шам жақсаңыз,шам үйді жарық қылады.Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең,көзін соған түседі.Біздің де өмірімізді жарық қылатын,жан-жағымызға тамаша сәуесін шашатын,өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:Денсаулық.
1-оқушы:Денсаулық ол-шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол –тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2-оқушы:Денсаулық ол-күлуің
Көңіл-күйін жадырай,
Денсаулық ол –жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы:Қара айнаға,көресің
Өзіңді-адам деңесін.
Қол-аяғын,басын бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысның бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе,миың,бүйрегің-
Құрылысының бұл ішкі.
4-оқушы:Сымбат-мүсін дегенің
Бітім-көркі дененің
Сымбат-жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап
Түзу отыр,қисамай,
Бүкіремей,жантаймай
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
Топтық жарыс (топтарға бөлу)
Кім жылдам(мақал-мәтел)
Дені саудың-.................
Денің сау болса-........ деме
Ойын жаттығу(Пайдалы зиянды)
Қазір бірнеше жағдай айтамын денсаулыққа пайдалы болса шапалақтаймыз,зиянды болса,аяғымызды жерге ұрамыз.
1.Бала жаттығу жасаса
2.Бала ағашқа өрмелесе
3.Бала ауыр заттарды көтерсе
4.Бала басқа баланы итеріп жіберсе
5.Бала сіріңкемен ойнаса
6.Бала терезені сындыратын болса
7.Бала қолын жуса
8.Бала күнде қыздыранатын болса
Әңгімелесу өз ойын айту(сұрақ-жауап)
Әр топ сурет салып оны қорғап шығады.
Спорт Биі
Қорытынды:
Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өңіп,шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығңына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
Адамның денсаулығы,еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты.Сондықтан да үй тұрмысы,әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигеналық талапқа сай болуы қажет.Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ ты жылы,күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.