Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Көрнекіліктер:слайд,сурет,буклет
ҚАЗАҚША БИ
1 - жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді көрермендер!
2 - жүргізуші:Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 166 жыл толуына орай өткізілгелі отырған «Шәкәрім ұлы тұлға» атты танымдық кешке қош келдіңіздер!
Біз бүгін ақын, философ, Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып білгендерімізді, жинақтап, өз ой- пікірлерімізді ортаға салмақпыз.
1 - жүргізуші: Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын.
2 - жүргізуші: Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ…өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де , ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.Бүгінгі біздің басты мақсатымызда осы болмақ.
1 - жүргізуші:Олай болса алдымен сыныбымыздың дайындаған Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы қысқа видеоролигін тамашалайық.
ВИДЕОРОЛИК
1 - жүргізуші:Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы өз заманында қазақ арасындағы аса білімді адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
2 - жүргізуші: Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Ендеше ендігі кезекті Шәкәрім Құдайбердіұлының өлең жолдарына берейік.
ТАҚПАҚ
2 - жүргізуші: Шәкәрімді тек ақын ретінде ғана бағалауға болмайды. Ол сонымен бірге ойшыл ғалым, сұңғыла шежіреші, дарынды жазушы болған. Ал, ірі таланттың тағы бір ғажайып қыры-сазгерлік қабілеті мен қуатында. Яғни, Шәкәрім Кұдайбердіұлы-ғажап сазгер. Ән әлемін байытқан құбылыс десек еш қателеспеспіз. Ол кісінің қай әнін тыңдасаңыз да нәзік мұң мен терең иірімге толы.
1 - жүргізуші Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.
Ендеше келесі кезекті Аймбек пен Аманның орындауындағы«Ләйлім» әніне берейік.
ӘН
1 - жүргізуші: Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.Шәкәрімнің көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар! Олай болса, ендігі кезекті жалпы білім бойынша оқушыларға арналған сұрақтарға берейік.
СҰРАҚТАР
2 - жүргізуші: Кемеңгер ақын 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туды.
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған.
"Қалқаман - Мамыр" - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір- біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі.Дастанда осы екі жастың тағдыры сипатталады.
Олай болса келесі кезекті ақын поэмаларына берейік.
ПОЭМА
1 - жүргізуші:Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.
Олай болса келесі кезекте оқушыларымыздан Шәкәрімге арнау.
ӨЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2 - жүргізуші:Ғұлама ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының Алашорда үкіметіне қатысы туралы кейбір жайларды, ең алдымен оның Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановпен арадағы үлкен достық қарым-қатынасына байланыстыра отырып айтқан дұрыс. Өкінішке қарай, кешегі кеңес өкіметі кезінде бұл тақырыпта сөз қозғау мүмкін болмады. Алаш зиялылары артына қалдырған бай әдеби-рухани құндылықтарды ұлт игілігіне айналдыру тұрмақ, олардың есімдерін атаудың өзі қорқынышты болды.
1 - жүргізуші: АлШ.Құдайбердіұлы Алаш қозғалысының жуан ортасында жүрді.Тіпті біраз зерттеушілер оны «Алаш Орданың қазысы, биі болды» деп есептейді.Осы тұста оныңүлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында өмірден баз кешіп, кайғымен жатып қалады. Кеңес үкіметі мұнда да тыныштық бермейді.1931 жылы 2 қазанда ауданға бет алып келе жатқан ақынды үкімет қаныпезерлері екі рет атып, мерт қылады.Осылай ол Алаш үкіметі үшін,қазақ елі үшін біраз еңбек етіп,өмірден өтеді.
Олай болса келесі кезекте Алаш қайраткерлеріне арналған Алаш аманаты күйі
КҮЙ
1 - жүргізуші: Шәкәрім шығармаларының мазмұны бай, түрі мол. Поэзясында азаматтық лирикасы да, философиялық лирикасы да, махаббат лирикасы да, табиғат лирикасы да бар, ода, сонет, тарихи баллада, халық өлеңдері түріне жазылған шығармалар да кездеседі. Ақын өзінің шығармаларында дүниенің барлық көріністерін, адам өміріндегі мың алуан құбылыстарды бүкіл болмысымен, барлық жүйке-сезімімен қабылдай білген. Ол жердің сырын, желдің үнін, құстың әнін, адамның арман-қиялымен, мұңымен бірдей түсінді.«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
Олай болса келесі кезекті Шәкәрім шығармашылығынан өлең жолдарына берейік
ТАҚПАҚ
2 - жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік.
ӘН
Біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мынандай түйінді тұжырым жасау бақытына ие болып отырмыз:
Шәкәрім- халық тарихының күрмеуі мол күрделі кезеңінде ғұмыр кешкен, заманның шытырманға толы шындығын талғамның таразысына салып, санасының тезімен саралауға ұмтылған, сол сапарда ұлы ақын ағасы Абай айтқандай, «соқтықпалы, соқпаксыз» жолдан өткен, жұртының алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта жаухар жырлар тудырған тамаша ақын.
2 - жүргізуші: Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Шәкәрімнің осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Шәкәрім туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отырЕсімі ел есінде мәңгілік сақталсын!Ендеше келесі сөз кезегін мектебіміздің сөз кезегін берейік.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Шакарым | ![]() |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/229-sh-k-rim-ly-t-l-a.html#sigFreeId82a4b4f26a