8 «а» сынып
Сынып тәрбиешісі: Әбдіқалықова Ж.

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, плакаттар, слайд, шарлар.

Саламатсыздарма құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық мәдениетті дәріптеу» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ата-салтын қадірлеген қазағым,
Ардақтаған ата-баба аруағын
Салт дәстүрді осы күнге жеткізген
Көтерсеңде тастай ауыр салмағы-дей отырып сабағымызды бастаймыз.
Ал қанекей оқушылар, жылулық жүректе демекші, ортаға шеңбер болып бір бірімізге деген тілектерімізді айтып шаттық көңіл күймен бастайық.
Аяқтаған соң. Орындарыңызға жайғасамыз. Орындарында отырады.
Өздерің түсінгендей Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұлттық мәдени құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу емемпе?! Ұлттық құндылығы мен идеалогиясын ашып айқындап алсақ.
-Құндылық дегеніміз не? 3 Оқушы өз ойларын айтады.

Кейін Мұғалім презентациямен құндылық жайлы материалдар көрсетеді.

Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, тіліміз болашақ үшін бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті.
Ең тәтті де – тіл,

Ең ащы да – тіл,

Ең жұмсақ та – тіл,

Ең қатты да – тіл.
Назерке Ақтұнық Тіл туралы өлеңдерін оқиды.
Рахмет оқушылар,
Қазақ дәстүрінде сенім нанымға сүйенер болсақ, киелі деп есептейтін сандар бар мысалы 3,5,7. Ендеше, осы сандар туралы не біледміз Қане, айтып көрейік. Сандардың қандай қасиетін білесіңдер? Ортаға келіп бөлісеңдер.
Оқушылар өз кезегімен айтады
Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ

Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш қуаныш: 1.Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі 3. Ісіңнің өшпеуі
Бес қару: Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.

Бес ақыл, бес дұшпан (1 оқушы жаттап айтып береді)
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге қашық бол,
Адам болам десеңіз…
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.

Жеті жетекші:
1. Адамның басшысы-ақыл
2. Жетекшісі- талап
3. Жолаушысы-ой
4. Жолдасы-кәсіп
5. Қорғаны-сабыр
6. Қорғаушысы-мінез
7. Сынаушысы-халық

Жеті ата:
1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай 4.Қарабала 5.Тышқан 6.Бабатай 7.Байтемір

Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім.
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Құмай тазы(ит)

Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса сол жетім.

Мұғалім. Рахмет сіздерге, бізге көптеген мағлұматтар бердіңіздер, Тамаша
Өздерің білетіндей қазақ хылқымыздың ауыздан ауызға келіп жеткен ертегі аңыздары көп. Ертегілердіңде астарында қазақ халқының мәдениеті мен үлкен тәрбие мектебі жатыр. Қазақ халық ертегілерінен қандай құндылықтарды айтып бере аласыңдар?
Екі ертегіні талдау
Алдар көсе мен Қожа насыр

Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй шертіп берсе деп оқушыларға қолқа салайық. 1 оқушы.

Мұғалім. Рахмет сіздерге, Негізі салт - дәстүрлеріміздің өзі ішінара бірнеше топтарға бөлінеді. еңбек, отбасы, тұрмыс дәстүрі.
Баланы атқа мінгізу салты - баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін - өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Ұлттық ойын асық жайлы тарихын оқушымыз баяндап береді.

Екі бала ойнап көрсетеді. 1 оқушы баяндайды.

«Ән көңілдің ажары десек» шалқыған шаттық пен көтеріңкі көңіл күйге бөленеміз емеспе, халқымыздың бүкіл дәстүрін көз алдымызға келтіретін Шілдехана әнін бірге шырқайық.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің құндылықтарын жойып алмай келесі ұрпаққа жеткізу болмақ. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көріп жүрміз. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегімізге сіз болып біз болып дәріптеп жүрейік.
Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбек ағайға береміз.