Сабақтың мақсаты: Міржақып Дулатовтың өмірбаянымен таныстыру, ақынның азаматтық жырларына тоқталу, жаңа сөздермен таныстыру. Сабаққа ынта қойып тыңдау, ойға түю,есте сақтау машықтарын қалыптастыру. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын түсіндіру барысында оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, интерактивті тақта, М. Дулатовтың портреті.
А Жүргізуші Қайырлы күн! Ұлағатты ұстаздар мен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың қадірлі қонақтары.
Н Жүргізуші Армыссыздар, өрлі де , асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұрпақтары.
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан турады әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Іс-шарамыз басталсын сәлемменен.
А Жүргізуші
Еліміз егемен болып, елдігіміз танылып, атымыз шартарапқа таралып жатқан кезімізде, еліміздің өткені, өткенін жаңғырту әр азаматтың қасиетті борышы болса керек.
Қазақ халқының күрделі тарихы әр түрлі ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де әр кезеңнің әлі де жазылмаған «ақтандықтары» көп. «Алашорда» тақырыбы да – осы «ақтандықтың» бірі.
Н Жүргізуші Қазағым өркендесе екен, өз алдына ел болып, отау тігіп, тәуелсіз өмір сүрсе екен деп, қиын қыстау заманда, елім деп өткен қазақ зиялыларының есімдерін, атқарған игі істерін бүгінгі ұрпағымыз білуге тиіс.
Н Жүргізуші,
Табады ақыл сөзді ер данасы
Шығады білімдіден сөз сарасы
Салшы бір әсем әнге шарықтатып
Тыңдасын мына халық шабыттанып- деп
Бүгінгі ашық сабағымызды әсем әнмен бастайық дейміз.
Ән Оян Қазақ "Елдар
А Жүргізуші
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден.
Сол бір қайғың өзегімді өртеген,
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай.
Сол күнінді көрсем-менің арманым,
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.
Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның .
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай.
Презентация видео
Н Жүргізуші Қазағым өркендесе екен, өз алдына ел болып, отау тігіп, тәуелсіз өмір сүрсе екен деп, қиын қыстау заманда, елім деп өткен қазақ зиялыларының есімдерін, атқарған игі істерін бүгінгі ұрпағымыз білуге тиіс.
А Жүргізуші Келесі кезек әсем әнге береміз. Елдос
Н Жүргізуші Келесі кезекті оқушылардың шығармашылығына берсек 1
Аөерке Назым Нурдаулет Әлихан Олжас
Н Жүргізуші Міржақып Дулатовтың өмірбаяны
20 ғасырдың бас кезінде қазақ даласындағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды өз шығармаларында айқын танытқан сөз шеберінің бірі-М . Дулатов.М. Дулатов бес арыстың бірі, Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург.Ақын 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа болысының бірінші ауылында қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Қызбел ауылында дүниеге келген. 2 жасында шешесінен, 10 жасында әкесінен айырылып, ағасы А..Дулатовтың қолында өскен.
А Жүргізуші М.Дулатов 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шығады. Содан кейін оның ұстаздық өмірі басталады.Дарынды жас сол тұстағы қазақ зиялыларының көш бастаушысы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. А.Байтұрсынов Міржақыптың ел азаттығы жолында қызмет етуіне зор ықпалын еткен. Ол 1905 жылы Қарқаралыда өткен,14500 адам қатысып, петиция қабылдаған тұңғыш Қазақ құрылтайын ұйымдастырушылардың бірі болды.
А Жүргізуші 1909 жылы Уфа қаласында "Оян,қазақ!" өлеңдер жинағы жарық көрген соң , патша жандармдарының қуғын-сүргініне ұшырап, 1910 жылы Қызылжарға барады. Қызылжарда Мағжан Жұмабаевпен кездесіп, оның орысша оқуына көмектесіп, ұстаздық етеді.
Н Жүргізуші М.Дулатов 1913-1918 жылдары "Қазақ" газетінің бас редакторы А. Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшы ретінде болады.М.Дулатов 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде бостандық, азаттық, теңдік тақырыптарын оқу, өнер, білім, өркениет мәселелерімен байланысты қозғаған.
А Жүргізуші Қамқоршы сөзіңді
Кемеңгерім көреген
Өмірге азық өнегең
Аяулы едің не деген.... Ана әнімен Сая
Жүргізуші М.Дулатовтың еңбектері
М.Дулатов 1905 жылдан бастап қуғын-сүргінге ұшыраса да шығармашылықпен айналысуын тоқтатпайды.
А Жүргізуші Ақынның азаматтық жырлары М. Дулатов шығармашылығының алғашқысы-Оян қазақ! атты өлеңдер жинағы. Осы алғашқы жинағының өзінен-ақ автордың мақсаты мен бағыты айқын аңғарылады.
Н Жүргізуші Көзінді аш,оян,қазақ,көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты.
Осы төрт жолда ақынның күрескерлік, азаматтық тұлғасы анық танылғандай.
А Жүргізуші Міржақыптың екінші өлеңдер жинағында Азамат кітабы -бүкіл ғұмырын туған елінің азаттығына арнаған азамат ақынның жан сыры іспетес.
Н Жүргізуші
М.Дулатов -ұлтына еңбек етудің үлгісін танытқан, ұлт азттығына бар саналы ғұмырын арнаған, осы бағытта талай тағдыр талқысына түсіп , соның бәрін туған елі үшін мойымай көтерген азамат ақын.
А Жүргізуші 19 ғасырдың екінші жартысында және 20 ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінде прозаның шағын жанрлары-новелла, әңгімелер туып,дами бастады. Алғашқы қазақ романын М.Дулатов жазды. Ол 1910 жылы Қазанда басылып шыққан "Бақытсыз Жамал" романы.М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романының тақырыбы-әйел теңсіздігі
Жүргізуші О, заманда ашқан қазақ өнер сырын
Шақырған кештеріне бірін-бірі
Көрейік тамашалап көрермендер
Жас биші қыздарымыздың өнерлерін -деп
Келесі кезекті биге береміз.
Жүргізуші
Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек
Біз үшін отқа,суға түсіп жүр деп
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,-дей отырып кезек ән Олжас
Н Жүргізуші Ал оқушыларымыздың көрініс атамашалап өз бағаларыңызды беріңіздер. Көрініс
А Жүргізуші Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағының кесері ба
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда қөңілдің өсері бар
Кезек оқушылардың өз шығармашылығынан өлең жолдарына беріледі
Нурлыбек Бекарыс Ақтұнық Шұғыла Ботакөз
Жүргізуші Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.
Оның тәтті оралған мәні оятар
Кейде суық,кейде мұң дертін қозғап
Жас балаша көңілді жақсы уатар Айгерім әні
А Жүргізуші
Құрметті көрермендер ! Ұлы тұлға М.Дулатұлыға арналған әдеби – сазды кешімізді «Ән Бір үйдің баласындай Азамат Айғаным Назерке Қасымбек» әнімен аяқтайық!
Н Жүргізуші Кешіміздің қорытынды сөзін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулеков Ж, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағайға интернат меңгерушісі Айнур апайға береміз
А-Н Жүргізуші Осымен әдеби – сазды кешіміз аяқталды, көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/227-saba-ty-ta-yryby-mirzha-yp-dulatovty-shy-armashyly-y.html#sigFreeId5faef39006