Аягөз апай:Құрметті ұстаздармен оқушылар!Бүгінгі 10 А сынып оқушыларының Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық кешіне қош келіпсіздер.Шығармашылық кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Нұрасыл:Армысыздар құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Индира:Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық қайраткері.
Экраннан АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ өмірі мен қызметіне арналған слаид көрсетіліп тұрады.
Нұрасыл: Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі,қайшылығы мол тартысты ғұмырында қаранғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт жоқ деп білген ірі тұлға,халықтың руғани көсемі Ахмет.
Ахмет Байтұрсыновқа арналған өлең-шумақтары.
Индира: Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының тіл білімінің атасы, реформаторы атанды, қазақ тілінің төл дыбыстарын төл заңдылығының басын ашып берді. 20 ғасырдың басында қазақтың Алтай тілінен келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың құран таңбаларымен жазылған қазақ тіліне құқықтық негіз жасап берді.
А.Байтұрсынов 1891 жылдары Қазақ жазуының бүгінгі күнгі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» аясында латын әліпбиге көшеміз деген мақаласындағы латын әліпбиінің негізгі нұсқасын ұлттық болмысқа салып реформалаған 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді.
Нұрасыл:Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырады.
Ал, енді кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
Индира: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. А.Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді. Репрессия құрбаны болған А. Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.
Көрініс:
Индира: «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы». Әрине Ахмет тағылымын бір
сәттте білу мүмкін емес. Оны жылдар бойы тануымыз керек. А. Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі тартқан қорлық, көрген азабы болашаққа сенген үміт арманы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Нұрасыл:Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өлең шумақтарына сөз берсек.
Өлең шумақтары
Индира:А хмет Байтұрсынұлы ұлтының болмысын терең таныған ғалым. Яғни барша мұң-қайғысының, арман-тілегінің, жарқын болашағының қайдан екенін терең зерделеген және оған жетудің жолдарын да жақсы білген.
Нұрасыл: А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі іс-шарамызды тәмамдаймыз.
Тұрғанбай Ерасылдың орындауында Уақыт әні.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/226-shy-armashyly-kesh.html#sigFreeId478bf71fb3