«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-
интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
«Ислам – бибітшілік діні » тақырыбындағы жиынының
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 26.10.2023ж. сағ:16 00
Өтілген орны: Мәжіліс залы
Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары.
1.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов
2.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тулеков
3.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадр бөлімінің меңгерушісі Н. Мамбетов
- Жетісай ауданының бас имамы Айдарбек Болысұлы
- Интернат меңгерушісі Адилбекова Айнұр Сайфудиновна
6.Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдиманаповна
- Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна
Күн тәртібінде:
- Зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттердің алдын алу мақсатында жат ағымдарды түсіндіру
2.Зорлық – зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу
Тыңдалды:
«Ислам – бибітшілік діні» тақырыбында мектепшілік имаммен кездесу жиыны өткізілді.
Имаммен кездесу сағатын мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды.
Мектебіміздің ұстазы Н. Мамбетов "Қызмет ету халыққа білімнен емес, иманнан" деп Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп, жастардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіру— білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі деп өз сөзін бастады.
Мектебімізде жастарды дұрыс жолға бағыттап, зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттердің алдын алу мақсатында зорлық – зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында екенін айтып өтті.
Сөз кезегі Жетісай ауданының бас имамы Айдарбек Болысұлына берілді, ол өз сөзінде қазіргі уақыттың ерекшелігі-жаһандану үдерісі өте күшті жүріп жатыр. Мұның жақсы жақтарымен қатар, өзге елден келіп жатқан ағымның, теріс идеологияның, дәстүр-салтымызды, наным-сенімімізді бұзатын жағымсыз ықпалдардың күшейіп тұрғанын жасыра алмаймыз деп айтып өтті. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін көре алмайтын және ел ішіне іріткі салып бұзғысы келетін керағар діни ұйымдар бар. Былайша айтқанда өз балаларын ата - анасына, адамдарды бір-біріне қарсы қойып, санасын теріс бағытқа тәрбиелейтін діндер сымақтардан сақ болуға шақырды. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сіне Жетісай ауданының имамы Айдарбек Болысұлы арнайы шақыртылып, оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында Айдарбек Болысұлы рухани тәрбиенің басты арналарына тоқталып, жүректі, болмысымызды иман нұрымен сусындатайық деп, шәкірттермен өнегелі әңгіме жүргізді, сұрақтарға жауап берді.
Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – ол имандылық. Иманы бар адам ешқашан ешкімге зиян тигізе алмайтынын атап кетті.
Қазіргі қоғамда болып жатқан неше түрлі келеңсіз жағдайлар сол имандылықтың ақсап қалуында болып отырғанына. Жастардың өз-өзіне қол жұмсауы, зорлық-зомбылық т.б көптеген бұзақы істердің басы имансыздықтан һәм жаһанды жаппай жайлаған ғаламтордағы теріс әрекеттерден болып отырғаны жасырын еместігіне тоқталып кетті.
«Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп Жүсіп Баласағұн бекерге айтпаған.
Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата- бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы-имандылық. Сонымен қатар зорлық – зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алуға байланысты біраз мысалдар айтып түсіндіріп өтті. Оқушылар имамға сауалдарын жолдап, толымды жауаптар алды.
Қорыта айтқанда Айдарбек Болысұлы өз сөзін - жастарымыз текті, білімді, арманшыл, ең бастысы шынайы иманды болсын! Жастарға үлгі болар аға ұрпақ та ғибратты, ғұмырлы, әрбір ісі өнегелі, туралыққа жол сілтей алатындай болсын! Әрбір істің тазалығы иманнан, қоғамымыз имандылық ордасына айналсын! деп аяқтады.
Сөз кезегін мектебіміздің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Тулеков алды. Елімізде бұндай ұйымдардың болмауы керек екенін атап өтті. Бұндай олқылықтарды байқаған жағдайда мектепке, ата анаға және АІІ бөліміне хабарлау керек екенін және керағар діндерге қарсы бірлесіп күресу керек екенін қатты айттып кетті.
ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов
Педагог ұйымдастырушы: С. Таубаев
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/215-4-imanmen-kezdesu-2022.html#sigFreeId939ba85505