«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген

2023-2024 оқу жылының   1-Қазан – Қарттар күні мерекесіне орай кездесу өтті.

Мәлімет

Күн тәртібінде:

1.2023-2024 оқу жылының  жоспары бойынша кездесу

  1. Мерекелік концерттік бағдарлама

Тыңдалды:

1 қазан- Қарттар күні мерекесіне “Қарты бар үйдің қазынасы бар” атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде  “Қарты бар үйдің қазынасы бар” деген тақырыпта арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,  ауданымыздың өркендеуіне өздерінің еселі еңбегімен үлес қосқан зейнеткер қариялар Ақылбеков Талдыбай ата мен Жұмабаев Мұғалбек ақсақал арнайы қонаққа шақырылды.

Басқа мерекелерден тым ерекшеленіп тұратын бұл күн асыл ата-әжелерімізді, аяулы ата-анамызды еске салады.

Кейбіріміз жанымыздағы ардақты жандарды құрметтей түссек, кейбіріміз жоғалтып алған қазынамызды сағына түсеміз…

Қариялар - бір отбасының ғана емес, күллі қоғамның данагөйі, баршамыздың теңдессіз қазынамыз. “Аталы үй-баталы үй, анасыз үй-панасыз үй” деген     халық нақылы қалай дөп айтылған десеңізші!

Қорыта келгенде. Ақсақалдар жас шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, өз кеңестерін ортаға салды, көрермендерге ақ батасын берді.

Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек, еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет.

Іс -шараны тамашалаған көпшілік тамаша өнеге сағатының куәсі болды.

Әр үйге шуақ сыйлаған қазыналы қарттарымыз аман болсын!

ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов

Педагог ұйымдастырушы: С. Таубаев