«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Мектеп-мейірім мекені» мерекелік іс-шарасының
Хаттамасы №1
Күн тәртібінде:
1.2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін өткізу;
2.«Мектеп-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізу.
Тыңдалды:
2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Мектеп – мейірім мекені» тақырыбында оқушыларды күтіп алу салтанатты жиын өтті.
- САЛТАНАТТЫ ЖИЫН
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылатыны анық.
Салтанатты жиынымызға ата-аналар, өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан құрметті адамдар және оқытушылар шақырылды.
Салтанатты жиынымыз Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.
Салтанатты жиынымызды мектеп-интернат директоры К. Алиев ашып берді. Өз сөзінде 1 қыркүйек Білім күнімен ата-аналарды және оқушыларды, қонақтарды құттықтап, сәттіліктер тіледі.
Қадірлі қонақтар қатарында Жетісай қаласының әкімі Н. Бақтияров мырзаға сөз кезегі берілді. Өз сөзінде мектеп ұжымын осы жылғы жетістіктерімен құттықтады. Оқушыларымызға таудай талаптар тіледі.
Салтанатты жиынға жетінші сынып оқушылары ата-аналарының қатысуы маңызды екендігі ескерілді.
Салтанатты жиынға оқушылар мен олардың ата-аналары арасында құқықтық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкері Қарсыбаев Ерболат қатысты.
Екінші мәселе бойынша 2023 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Біртұтас тәрбие бағыттары» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілетіні хабарланды.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылды.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты мен міндеттері айқындалып, сынып жетекшісі мен сынып тәрбиешілеріне таныстырылды.
Сынып сағаттарына бейнероликке ұсынылатын тақырыптар берілді: - барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм».
Біздің «Дарын» мектеп-интернат» оқушыларына - 7-8 сынып оқушылары үшін –«Менің саяхатым»; 9-11 сынып оқушылары үшін –«Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Білімнің адам өміріндегі рөлі» атты тақырыптар бойынша өткізу берілді.
Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының сайттарында орналастырылды.
Қорытынды: мектеп директорымыз К. Алиев қорытынды сөз сөйлеп, ауданымыздың аудандық аталар кеңесінің төрағасының орынбасары Жумабаев Мугалбек атамыз өз батасын берді.
Жиналыс төрағасы, ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов
Ұйымдастырушы педагог, хатшы: С. Таубаев
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/212-1-kyrkujek-bilim-kuni-23-24.html#sigFreeId9f1751e4cf