«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген

2022-2023 оқу жылының “Тәуелсіздік  -  тұғырым” баға жетпес байлығым тақырыбында  мерекелік іс-шарасының

Хаттамасы №

Күн тәртібінде:

1.2022-2023 оқу жылы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күні

  1. “Тәуелсіздік-тұғырым” баға жетпес байлығым тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізу.
  2. Кітап, сурет көрмесі

Қатысқандар:

Директор: К.А. Алиев

ДОЖЖО: Ж. Тулеков

ДБЖЖО: М. Султанова

ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов

Аудандық аталар алқасының төрағасы, Қамқоршылық кеңес төрағасы М. Жумабаев

Мектеп-интернат «Ұлағатты әкелер» мүшелері

Ата-аналар камитетінің мүшелері

Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат

Психолог: Рахимова Бибігүл

Ұстаздар

Бірінші кезекте ДОЖЖО: Ж. Тулеков пен ДБЖЖО: М. Султановаларға мерекелік құттықтау сөз берілді.  Жалпы мақсат Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіну, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін сүйе білуге баулу керектігіне тоқталып мерекемен құттықтап барлық жақсылықты тілеп қалды.  

ДБЖЖО: М. Султанова апайымыздың тартуы.

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін,

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын –ұраным.

Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым.

Екінші кезекте аудандық аталар алқасының төрағасы, «Дарын» мектеп-интернатының  Қамқоршылық кеңес төрағасы М. Жумабаевқа және «Ұлағатты әкелер» мүшелеріне сөз берілді. Өз сөздерінде «Тәуелсіздік - біздің ең ұлық мерекеміз» «Тәуелсіздікпен бірге біз елдік  дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша төрткүл дүниені ат тұяғымен дү­бірлеткен даңқты бабалардың мәңгілік ел мұратын қайта жалғадық – деп мектеп-интернат ұжымын, ата-аналарды, ұстаздарды және оқушыларды төл мерекеміз «Тәуелсіздік күнімен» шын жүректен құттықтады.

Үшінші кезект алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі М. Жумабаевтың «Патриот сарбаздар» туды, елтаңбаны, ән ұранды қорғау, кітапханашы Г. Есимованың 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жеклтоқсаннан бастау алған киелі, Тәуелсіздік мәңгі біздің ту еді» тақырыбында кітап көрмесін, М. Жумашевтің, К. Жұмабайдың оқушылардың  «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында суретттер көрмесін және макеттер қойылды.

8 «Б» сынып жетекшісі С. Таубаев пен тәрбиешісі М. Батырбекованың ұжымға, ата-аналарға және оқушыларға арнаған концерттік іс-шарасы тамашаланды. Ән, би, өз шығармашылығынан көріністер қойылды.

Қорытынды сөз қонақтарға және ДТЖЖО Н. Нурмаганбетовқа берілді. Өз сөздерінде халқымызды төл мерекемен құттықтап кетті. Өнер көрсеткен 8 сынып оқушыларына рахмет айтып, алда озат оқушылар болуға үлкен жетістіктерге жетуге тілектес екендерін жеткізді. Тағыда мерекемен құттықтап кетті. Сөз соңын ата-аналардан тарту айтылды.

Тәуелсіз ел!

Қараймын да тамсанам,

Жылдарды осы ата-бабам аңсаған.

Мұнда жатыр бабалардың  еңбегі!- деп өз сөзін аяқтады.

 ДТІЖО:Н. Нурмаганбетов

Ұйымдастырушы педагог, хатшы:С. Таубаев