«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-
интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
«Зорлық зомбылық, құқық бұзушылық, ерте жүктілік, булинг, аутодеструктивті жағдайлардың алдын алу» тақырыбындағы жиынының
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 01.12.2022ж. сағ:16 00
Өтілген орны: Психолог кабинеті
Қатысқандар:
1.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов
- Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдиманаповна
- Интернат меңгерушісі Адилбекова Айнұр Сайфудиновна
- Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна
Күн тәртібінде:
Зорлық зомбылық, құқық бұзушылық, ерте жүктілік, булинг, аутодеструктивті жағдайлардың алдын алу
Тыңдалды:
Бүгініг қаралатын мәселе бойынша мектеп-интернаттың ДТІЖО Нурмаганбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, Бала тәрбиесі- басты байлығың, кешіксең, көретінің —қайғы-мұң (Абай) - деп айтып кеткендей, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп жатқанын айтты.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына еліміздің Конституциясын, Бала құқығы туралы заңын оқыту мен терең түсіндіру, өз өмір сүріп отырған қоғам идеясын ұғындыру мен өз іс-әрекетіне моральдық, құқықтық тұрғыда жауап бере алатындай қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, тәртіптілікті нығайтудың жолдарын жетілдіру — тәрбие беру жұмысындағы негізгі міндет. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім алушыларға зорлық-зомбылық түрлері буллинг туралы қосымша ақпараттар беру, білімдерін толықтыру мақсатында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Ислам - бибітшілік діні» тақырыптарында зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, булинг, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ЖАІІБ инспекторлары мен имамдармен, ЖАОА генеколог мамандарымен және «Ұлағатты әкелер», әжелер алқасымен т.б кездесу сағаттары өткізіліпжатқанын айтып өтті. Оқушылар зорлық – зомбылыққа болған жағдайда «Сенім телефоны», «Сенім жәшігі», ««111» ақпараттық қызметін пайдалана білу керектігін айтты.
Сөз кезегі әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апайға берілді, ол қазіргі мектеп жасындағы оқушылардың қоғамда және отбасында зорлық- зомбылықсыз өз құқығын қорғап өмір сүруі керектігі жөнінде мағлұмат беріп өтті. Мектеп-интернат оқушыларына «Зорлықсыз-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы бойынша сынып тәрбие сағаты өткізілу керектігі айтылды. Сынып тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейрімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтын құқықтағы түсініктемесі беріліп, үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; - Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету, балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу профилактикалық сипаттары қарастырылу керек екенін айтып өтті. Бала денсаулығы мен тәрбиесі басты мүддеміз деп айтып өтті.
Педагог-психологы Б.Рахимова: Қазіргі таңда жасөспірімдердің психикалық және физикалық денсаулығын нығайту. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болуын қадағалау және қоғамда зорлық-зомбылыққа, атодиструктивті жағдайларға және булингке орын жоқ екендігін бала бойына сіңіре білу. «Зорлық зомбылық туралы мен не ойлаймын» тақырыбында сауалнама алыну керектігін айтып өтті. Салауатты өмір салтын ұстануды, мектеп оқушылары арасында жыныстық қарым-қатынастың болмауын, адам өміріне зиян екендігін ашып айтты.
Сынып тәрбиешілері сабақтан үнемі қалатын оқушылар сыныпта жоқ екендігі туралы айтылды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалады, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауы сұралатынын айттып өтті.
Интернат меңгерушісі Адилбекова Айнұр апай ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату — кезек күтірмейтін мәселе. Бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз деп айтып өтті.
Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:
- Құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
- Зорлық – зомбылыққа душар болған жағдайда «Сенім телефоны» , « Сенім жәшігі», ««111» ақпараттық қызметінің қызметін пайдалану
- Бөгде адамдармен қарым – қатынас жасауды басты назарда ұстау
- Мектебімізде қандай да бір жат іс-әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін.
ДТІЖО:Н.Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог:Л.Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/200-zhetisaj-audanyny-mamandandyryl-an-daryn-mektep-internaty.html#sigFreeId3ae2c12be3