Жетісай каласы Өтілген мерзімі: 30.11.2022ж. сағ:16 00 Өтілген орны: Мәжіліс залы Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары. 1.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов 2.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тулеков 3. «Нұр Алла» мешітінің найб имамы Налибаев Нұрғазы 6. Интернат меңгерушісі Адилбекова Айнұр Сайфудиновна 7.Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдиманаповна 8. Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна Күн тәртібінде: 1.Зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттердің алдын алу мақсатында зорлық – зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу Тыңдалды: «Ислам – бибітшілік діні» тақырыбында мектепшілік имаммен кездесу жиыны өткізілді. Имаммен кездесу сағатын мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды. "Қызмет ету халыққа білімнен емес, иманнан" деп Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп, жастардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіру— білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Мектебімізде жастарды дұрыс жолға бағыттап, зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттердің алдын алу мақсатында зорлық – зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында екенін айтып өтті. Сөз кезегі "Нұр Алла" мешітінің имамы Налибаев Нұрғазы ағайға берілді, ол қазіргі уақыттың ерекшелігі-жаһандану үдерісі өте күшті жүріп жатыр. Мұның жақсы жақтарымен қатар, өзге елден келіп жатқан ағымның, теріс идеологияның, дәстүр-салтымызды, наным-сенімімізді бұзатын жағымсыз ықпалдардың күшейіп тұрғанын жасыра алмаймыз деп айтып өтті. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін көре алмайтын және ел ішіне іріткі салып бұзғысы келетін керағар діни ұйымдар бар. Былайша айтқанда өз балаларын ата - анасына, адамдарды бір-біріне қарсы қойып, санасын теріс бағытқа тәрбиелейтін діндер сымақтардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар зорлық – зомбылықтың, аутодеструктивті жағдайлардың, құқық бұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алуға байланысты біраз мысалдар айтып түсіндіріп өтті. Оқушылар имамға сауалдарын жолдап, толымды жауаптар алды. Сөз кезегі әлеуметтік педагог: Л.А.Байбосыноваға берілді. Ислам дінінің біздерге берері өте мол, атап айтар болсақ, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады, адамдарды мейірімділікке, сыпайылыққа, шыншылдыққа шақырып үйретіні жөнінде айтып өтті. Қазіргі қоғамда көшеде таратылатын діни кітаптарды алып оқуға болмайтындығы және ғаламторда заңмен шектелген видиоларды көріп, тыңдауға болмайтындығы туралы айтып өтті. Сөз кезегін мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тулеков алды. Елімізде бұндай ұйымдардың болмауы керек екенін атап өтті. Бұндай олқылықтарды байқаған жағдайда мектепке, ата анаға ЖАІІ бөліміне хабарлау керек екнін және керағар діндерге қарсы бірлесіп күресу керек екенін айтты.. Бүгінгі күні қоғамдағы жастар арасындағы өршіп бара жатқан түрлі жағымсыз қылықтар жөнінде айтып, жаман әдеттен аулақ болуды, және дұрыс бағытпен жүруді ата-ананы құрметтеуді, ынтымақ пен бірлікке шақырды. Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді: 1. Құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін. 2. Мектебімізде қандай да бір жат іс-әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін. ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/197-imanmen-kezdesu-2022.html#sigFreeIdfb94e1af90