«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» мерекелік іс-шарасының Хаттамасы №1 Күн тәртібінде: 1.2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін өткізу; 2. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізу. Тыңдалды: 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында оқушыларды күтіп алу салтанатты жиын өтті. 1. САЛТАНАТТЫ ЖИЫН Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылатыны анық. Салтанатты жиынымызға ата-аналар, өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан құрметті адамдар және оқытушылар шақырылды. Салтанатты жиынымыз Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді. Салтанатты жиынымызды мектеп-интернат директоры К. Алиев ашып берді. Өз сөзінде 1 қыркүйек Білім күнімен ата-аналарды және оқушыларды, қонақтарды құттықтап, сәттіліктер тіледі. «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асауов Әділхан Жолдасұлына сөз кезегі берілді. Өз сөзінде мектеп ұжымын осы жылғы жетістіктерімен яғни 100 үздік мектеп қатарына енгендімен құттықтады. Оқушыларымызға таудай талаптар тіледі. Келесі сөзді ауданымыздың білім бөлімінің бас әдіскері Р. Исаеваға берілді. Разия апайымыз Білім күнімен ата-аналарды, оқушыларды шын жүректен құттықтап, жеткен жетістіктерімен аудан, облыс және республикада жоғары биіктерден көруді айтты. Салтанатты жиынға жетінші сынып оқушылары ата-аналарының қатысуы маңызды екендігі ескерілді. Салтанатты жиынға оқушылар мен олардың ата-аналары арасында құқықтық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкері Еламан Абишев қатысты. Екінші мәселе бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілетіні хабарланды. «Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өткен еді. Осыған байланысты негізгі бірыңғай сынып сағатында Қазақстанның жаңа басымдықтарын талқылауға басты назар аударылды. Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылды. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты мен міндеттері айқындалып, сынып жетекшісі мен сынып тәрбиешілеріне таныстырылды. Сынып сағаттарына бейнероликке ұсынылатын тақырыптар берілді: - барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм». Біздің «Дарын» мектеп-интернат» оқушыларына - 7-8 сынып оқушылары үшін –«Менің саяхатым»; 9-11 сынып оқушылары үшін –«Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Білімнің адам өміріндегі рөлі» атты тақырыптар бойынша өткізу берілді. Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының сайттарында орналастырылды. Қорытынды: мектеп директорымыз К. Алиев қорытынды сөз сөйлеп, ауданымыздың ардагер ұстазы, аудандық аталар кеңесінің төрағасы Тотиков Сайлаухан атамыз өз батасын берді. Жиналыс төрағасы, ДТІЖО: Н. Нурмаганбетов Ұйымдастырушы педагог, хатшы: М. Эшмурадов
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/196-1-kyrkujek-bilim-kuni-22-23.html#sigFreeId24136f5c9b