«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген 2022-2023 оқу жылының 1-Қазан – Қарттар күні мерекесіне орай кездесу өтті. Мәлімет Күн тәртібінде: 1.2022-2023 оқу жылының жоспары бойынша кездесу

Тыңдалды:

Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам ! Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам өміріндегі игі істердің бірегейі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екенін бәріміз білеміз. 1 қазан – Ха¬лық¬аралық қарттар күніне орай, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы Байбосынова Лаззат, педагог-психолог Рахимова Бибігүл, сынып жетекшісі әрі математика пәнінің ұстазы Алиманов Олжас Ретбайұлы мектеп-интернат оқушыларымен біргелікте, бүгінгі жас буынға үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, тәлім тәрбиенің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында ардагерлер ұйым¬да¬рымен және Жетісай ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен байланыс жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айрылған және толық емес отбасыларға, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Осындай белсенді көмек көрсеткен жастарға қарияларымыз Аширбекова Аягөз апа мен Жұбаназарова Ботакөз аналарымыз өз ризашылығын шексіз жаудырып, ақ батасын берді. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек, еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет.

ДТЖЖО:Н. Нурмаганбетов Әлеуметтік педагог:Л. Байбосынова