«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген «1желтоқсан- Дүниежүзілік ЖҚТБ - мен күрес күні» тақырыбындағы жиынының Хаттамасы №

Жетісай каласы Өтілген мерзімі: 23.11.2022ж. сағ:16 00 Өтілген орны: Мәжіліс залы Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары. 1.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов 2. Түркістан облыстық ҚДБ-нің "Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы"МКҚК Жетісай қаласы бөлімшесінің психолог маманы Шырынкүл Оразханқызы Дукенова 3.Түркістан облыстық ҚДБ-нің "Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы"МКҚК Жетісай қаласы бөлімшесінің эпидемиолог көмекшісі Мухамматали Мутанович Бабашев 4.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педиатр врач Тажен Гүлназ Әбдірқызы 5. Мейрбике Шериева Гулзат Турдыбаевна 6. Интернат меңгерушісі Адилбекова Айнұр Сайфудиновна 7.Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдиманаповна 8. Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна Күн тәртібінде: 1.АИТВ/ЖИТС жұқпасының алдын алу іс-шарасы, этиология, патогенез, клиника, жұғу жолдары туралы жалпы түсінік; 2.АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі ғылыми мәліметтер; 3. АИТВ-нің әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпедемиология жағдайы туралы; 4.Салауатты өмір салтын дұрыс ұстануы. Тыңдалды: «1желтоқсан- Дүниежүзілік ЖҚТБ - мен күрес күні» тақырыбында мектепшілік мамандармен кездесу жиыны өткізілді. Мамандармен кездесу сағатын мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды. Бүгінгі қаралатын мәселе бойынша Жетісай қаласы бөлімшесінің психолог маманы Шырынкүл Оразханқызы Дукенова АИТВ (ВИЧ) адамның иммундық тапшылығының вирусы. Адам әр түрлі жұқпалардан қорғайтын иммундық жүйесін әлсірететін вирус. Тек адамнан адамға ғана жұғады. ЖИТС (СПИД) жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы. Бұл адамның қорғаныс жүйесінің бұзылуы нәтижесінде болатын күй. Сондықтан да АИТВ мен зақымданған адам (туберкулез, өкпе қабынуы және т.б) түрлі жұқпалардан қорғануға әлсіз болады. Қызыл лентаның шығу тарихы 1991 жылы сәуір айында ЖИТС проблемасына қоғам назарын аудару мақсатында ЖИТС-ке қарсы қозғалыстың мүшесі, суретші Франк Мур «Қызыл лентаны» алғаш рет ойлап шығарды, оны алғашқылардың бірі болып Визуал АИДС ұйымның мүшелері тақты ( суретшілер, өнер адамдары т.б.) сол жылы Фредди Меркуриді еске алуға арналған концертке оның табынушысы кеуделеріне «Қызыл лента» тағып келді. Сол жылдан бастап «Қызыл лента» АИТВ\ЖИТС пен күрес күні және ЖИТС проблемасын түсіну қажеттігін көтерген адамдардың даусын біріктірген үміт символы бола бастады. Бұл күндері «Қызыл лента»: -АИТВ\ЖИТС пен өмір сүретін адамдарды алалауға, оларға таңба басуға қарсылық белгісі; - Оларға сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастырудың белгісі; - Жақын уақытта АИТВ\ЖИТС - тың емі табылады деген үміттің белгісі; - ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау белгісі; - Дүниежүзінде ЖИТС жұқтырған адамдардың ынтымақтастық символы болып табылады. ЖИТС-тың этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. АИТВ адамның иммундық вирус тапшылығы, ХХ ғасырдың 80 жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын имунндық жұйені бұзады. Иммундық тапшылық салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін мысалы туберкулез, рак, пневмония т.б бұндай аурулармен ауырған адамдардың ағзасы күресе алмайтынды. Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар екенін айтып өтті. Сонымен қатар ауруды жұқтырып алмаулары үшін сақтық шараларын пайдалану керек екендігін айтты. Әсіресе тіс емханаларына, қолды және қасты әрлеуге барғанда т.б . Жетісай қаласы бөлімшесінің психолог маманы Шырынкүл Оразханқызы Дукеноваға сұрақтар беріліп, оның барлығына да толық жауап қайтарылды. Әр адам нені білуі қажет! АИТВ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар: Жыныстық жолмен және қан арқылы, тікелей берілетінін айтып өтті. Мектеп оқушыларына эпидемиолог көмекшісі Мухамматали Мутанович Бабашев «АИТВ-ЖИТС» тақырыбына бейне ролик көрсетілді. Оқушылар бүгінгі пікірлесуге қызығушылық пен белсенділік пен қатысып отырды. ЖИТС туралы бейне жазба арқылы шығу тарихы, қай жылдары бұл дерттің өршігені және жұғу жолдары мен танысып, ЖИТС дертінің аса қатерлі екендігі туралы біраз мағлұматтар алғанын айтты. Сондай – ақ оқушылар өздері бұрыннан білетін мағлұматтарын ортаға салып, пікір алмасты, әркім өз ойын айтып толықтырып, тұжырымдады. Сөз кезегі мектептің әлеуметтік педагогы Л.А.Байбосыноваға берілді, ол оқушыларға денсаулықты күту жөнінде түсіндіріп өтті. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле. Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады. Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! - деп айтып өтті. Сонымен қатар өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы. Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе-ақ оралады», - деп айтып өтті. Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді: Сынып тәрбиешілері, мектеп дәрігерлері инфекциялық аурулардың алдын-алу ережелері үздіксіз жүргізілсін, болашағына зиян екенін кеңінен насихаттау қажет. ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов Педиатр врач: Г. Тажен Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова Педагог психолог: Б.Рахимова Мейірбике: Г. Шериева