Жетісай қаласындағы "Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты" КММ-сі 2022-2023 оқу жылына 7-сыныпқа оқушы қабылдайды. Оқушылардың құжаттарын қабылдау 2022 жылдың 01 наурызынан бастап 01 сәуір айына дейін жүзеге асырылады. Осы сайтта тіркелу: qabyldau.daryn.kz
Оқушыны қабылдауға қойылатын талаптар:
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:
1) ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;
2) үміткердің ЖСН көрсетілген (қоса) берілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) 3 х 4 көлеміндегі екі фотосурет;
4) үміткердің мекен-жайы көрсетілген, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
5)оқушының (бар болса республикалық олимпиадалар нәтижелері) жетістіктері.
Конкурстық іріктеуді өткізу (тест өткізу) кестесі:
- Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мектептің және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында 5 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін орналастырылады.
- Конкурс "Дарын" орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 15 – 30 сәуір аралығында өтеді. /математика және логика - 55 сұрақ/ /оқу сауаттылығы-10 сұрақ//Қазақстан тарихы-10 сұрақ/ пәндерінен бірыңғай тестілеу түрінде өткізіледі;
Емтихан қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар қабылданады.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 6-57-59;
ұялы тел: Мейрамкүл 8747-237-76-31; Молдияр 8777-030-98-98