Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының
ұйымдастыруымен, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын
кеңінен насихаттау мақсатында, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық
филармония 75 жылдық мерейтойына және Ақтөбе қаласының 150
жылдығына арналған 2019 жылдың 16 наурыз күні сағат 16 – де «Достық
сазы» фольклорлық ансамблі (жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері,
Мәдениет саласының үздігі Бақытбек Зейнелов) Ұлыстың ұлы күніне
арналған «Наурыз жаңа күн» атты мерекелік концертің «Өнер орталығы»
концерт залында өткізеді. Кеш қонақтары: Қазақ эстрадасының күміс күмей,
жез таңдай әншісі Жанар Айжанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана
Айтбаева. Кеш жүргізушісі: Кенес Кемалбаев. Концерттік бағдарлама
барысында Т.Ахтанов атындағы драма театр әртістерінің көрінісі қойылады.