Қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен, 8 наурыз халықаралық
әйелдер күні мерекесіне арналған, «Қазақтың келіндері ай» келіндер
байқауы өткізілді. Байқауға қала мекемелерінен 8 келіншек бақ сынасты.
Сәлемдесу, Қазақы дәстүрлерім, Отбасымен өнер сайысы, Ас мәзірі, Кешкі
сән үлгісі сынды 5 кезең бойынша сынға түсті. Байқауға біздің
колледжімізден Ақылбекова Луиза Бекетовна қатысып байқаудың ең
жоғарғы «Бас жүлдесін» жеңіп алды. Бұл біздің колледждің осы байқауда
екінші жыл қатарынан алып отырған «бас жүлдесі». Алар асауымыз әле алда
екеніне сеніміміз мол.